
QR-код документа
>
К 11
Қыдыршаев, А. С.
Ақсақалым - қасиеттім, ардагерім - ардақтым [Текст] / А. С. Қыдыршаев> // Өркен. - 2026. - 31 тамыз. - №7. - Б. 13
Рубрики: Нравственное воспитание
Адамгершілік тәрбиесі
Кл.слова (ненормированные):
қария -- ақсақал -- ардагер -- ұрпақтар сабақтастығы -- ұлттық тәрбие -- ұлттық құндылықтар -- үлкенге құрмет -- кішіге ізет -- адамгершілік -- еңбекке адалдық -- елге қызмет ету -- ақсақалдық тәрбие -- рухани құндылықтар -- салт-дәстүр -- жас ұрпақ -- өнеге -- еңбек тәрбиесі
Аннотация: Уақыттың желдей есіп өтері, заманның мың құбыла өзгерері даусыз аксиома. Бір буынның орнына екінші буын келеді. Бірақ адамдықтың асыл қасиеттері үлкенге құрмет, кішіге ізет, еңбекке адалдық, елге қызмет ету сияқты құндылықтар ешқашан ескірмеуі қажет. Бүгінгі ұрпақ аға буыннан тек өткен тарихты ғана емес, өмір сүрудің өнегесінен еңбек етудің қадірін, елге қызмет етудің қасиетін үйренеді. Осы тұрғыдан келгенде, қарияның əрбір сөзі – сан ғасырлар сүзгісінен өткен тəжірибе. Абзал ардақты ардагеріміздің əрбір ісі – маңдай термен жазылған тарих. Ал сол тарихты құрметтеп, өнегені жалғастыру – кейінгі буынның азаматтық парызы. Халқымызда «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» демей ме. Қазақ халқының таным-түсінігінде қарияның орны қашанда төрде болған. Ақсақалдың алдын кесіп өтпей, сөзін бөлмей, батасын алып, ақылын тыңдау – атадан балаға жалғасқан тағылымды дəстүр. Өйткені халқымыз үшін ақсақал - жасы үлкен адам ғана емес, өмірден көргені мол, сөзіне ел тоқтаған, кейінгіге жол көрсетер парасат иесі. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген бір ауыз сөздің өзінде халқымыздың тұтас тəрбиелік философиясы аңғарылады. Үлкенді сыйлау – адамның мəдениеті мен көргенділігінің белгісі болса, қарияны қадірлеу – елдің өз тарихын, өз тамырын құрметтеуі. Халық даналығында «Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі» деген тəмсіл бары да рас. Бұл – өмірдің талай белесін өткерген аға буынның тəжірибесіне берілген баға. Бүгін төрімізде отырған əрбір ақсақалдың артында тұтас бір дəуірдің тарихы барын білгенге не жетсін. Олардың балалық шағы, жастық кезеңі, еңбек жолы, елмен бірге көрген қиындықтары мен қуаныштары халқымыздың өткенімен сабақтаса өріледі.
Держатели документа:
ЗКУ
Похожие издания по классификации