XIV-XVI ғасырлардағы Ойрат-Моңғол қатынастары жəне ойраттардың батысқа жылжуы/Қайыркен, Т.З.

 

QR-код документа

Оценок: 0

63.3(5Қаз)
К 12

Қайыркен, Т. З.
    XIV-XVI ғасырлардағы Ойрат-Моңғол қатынастары жəне ойраттардың батысқа жылжуы [Текст] / Т. З. Қайыркен // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №2. - Б. 186-199
ББК 63.3(5Қаз)

Рубрики: Қазақстан тарихы

Кл.слова (ненормированные):
Ойраттар -- Шыңғыс ұрпақтары -- Шығыс моңғолдар -- Мин əулеті -- Батула -- Тоған -- Есен -- Аюшыдара -- Елбе хан -- ойрат тайпалары -- қоныстанған жерлері -- Даян хан -- Анда хан -- батысқа көшу
Аннотация: Ойрат тарихы қазақ тарихын зерттеудің қосымша дереккөзі ретінде айырықша маңызға ие. Əсіресе, XV-XVIII ғасырлар аясындағы қазақ тарихын зерттеушілер үшін, сол кезеңге тəн ойрат тарихын бірлікте қарастыру талап етіледі. Өйткені бұл кезде қазақ жəне ойрат халықтарының тарихында алма-кезек туындап жататын оқиғалар бір-біріне айырықша əсер етіп отырды. Мақалада ойраттардың Шығыс Моңғол тайпаларымен болған байланысы — Батула, Тоған жəне Есен тайшалар кезіндегі ойраттар мен Шығыс Моңғол ақсүйектерінің арасындағы билік тартысы, мемлекет басқару істері, Мин əулетімен байланыс, территориялық жəне этникалық тартыстар жан-жақтылы қарастырылады. Сондай-ақ, ойраттардың шығу тегі, түпкі Отаны, Шыңғыс əулетімен байланысы, Шығыс моңғолдардан ажырап батысқа кету себебі, Темір мемлекетімен, Моғолстанмен жəне Қазақ хандығымен байланысы зерттелген. XV ғасырдың бірінші жартысында ойрат Есен тайшаның билігі тек ойраттарға ғана емес, солтүстікте қырғыздарға, Шығыс Түркістан шегіндегі ұйғырларға, Ганьсу өлкесі мен Хэси дəлізіне, шығыста джурджиттер мен Кореяға дейін жетті. Бірақ Есен өлгеннен кейін, ойраттар өздерінің тарихтағы жауынгерлік дəстүрінен айырылып, 150 жыл бойы бейбіт жағдайда өздерімен өздері іштей нығаю, кемелдену кезін бастан өткізді. Бұл кезде олар Шығыс моңғолдармен болған текетіресте жеңіліске ұшырады. Нəтижесінде олардың басым бөлігі батысқа беттеді. Олардың Тянь-Шаньның солтүстігіндегі ұлан-байтақ қонысқа жаппай қоныс тебуі XVI ғасырдың екінші жартысында ғана мүмкін болды.??Мақалада осынау аса ауқымды өзгерістерге назар аудару арқылы ойраттардың қазақ хандығымен көрші елге айналуына дейінгі тарихи жағдаяттар кеңінен зерттеп-зерделенген.??
Держатели документа:
ЗКУ

Похожие издания по классификации