Көркем мінездің көрігі/Пірназар, С.

 

QR-код документа

Оценок: 0

76
П 11

Пірназар, С.
    Көркем мінездің көрігі [Текст] / С. Пірназар // Ana tili. - 2022. - 7-13 шілде. - №27. - Б. 11
ББК 76

Рубрики: Журналистика

Кл.слова (ненормированные):
журналист -- Ертай Бекқұл -- көркем мінез -- Алма Смағұлова -- журналистика факультеті -- Ақмарал Арыстанбекова -- тарих ғылымының докторы
Аннотация: Егер кісіні көрікті етіп көрсететін оның көркем мінезі дейтін дәйекке дес берсек, белгілі журналист ­Ертай Бекқұл тап сондай сипатқа лайықты болды. Ол нағыз көркем мінездің көрігі-тін. Мен өткен жылдың қыркүйек айының басында өмірден елімізге есімі белгілі журналист, қарымды қаламгер, атпал азамат атанып өткен Ерекеңмен де, оның адал жары Алма Смағұловамен де ҚазМУ-дың журналистика факультетінде бір топта бірге оқыдым. Шынында Ертай барынша байсалды, сөзге берік, уәжге нық жігіт еді. Өз басым оның біреуге дауыс көтеріп, жекіріп, ұрсып жатқан пәйтін немесе әлдекімнің ту сыртынан айбат шегіп, ғайбат сөз айтып баққан сәтін ешқашан көрмеппін. Жағымпаздық пен жарамсақтықты жанына ­жуытпады, мүбада бір ондайларды көре қалса, бойын дереу тік ұстап, тіксініп тұратын. Рушылдық пен жершілдіктен жүдә қашық жүрді, ешуақытта трайбализм деген аурумен ауырған емес. Туған-туыс жағалап, мансап ­сатысымен көтерілу мүддесін де көздеген жоқ. Қандай қызметке де өзінің қабілеті мен қарымының арқасында барды. Осындай өмір салтын ұстануына орай өзі барынша таза өмір сүрді, кәсібіне адал қызмет етті. Сондығынан шығар, соңына дәйімі өзін құрмет тұтатын өзі секілді көптеген тазайын да ­талантты шәкірттерді ерте білді.
Держатели документа:
ЗКУ

Похожие издания по классификации