Қазақ мәдениеті әлемге танылсын десек /Ысқақ, Р.

 

QR-код документа

Оценок: 0

87.7(5каз)
Э 11

Ысқақ, Р.
    Қазақ мәдениеті әлемге танылсын десек [Текст] / Р. Ысқақ // AQIQAT. - Ақпан. - 2019. - №2. - Б. 33-36
ББК 87.7(5каз)

Рубрики: Этика

Кл.слова (ненормированные):
қазақ мәдениеті әлемге танылсын десек -- елбасы н.ә.назарбаев -- ұлы даланың жеті қыры атты мақаласы -- ойтүрткі -- Ысқақ.Р -- Ақиқат журналы
Аннотация: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев-тың жақында жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен одан ертерек жарияланған «Рухани жаңғыру» ұлттық жобасымен етене таныса отырып, сол сарынмен үндес келесі ойларыммен бөліссем деймін. Әлбетте, бір күнде жоғарыдағы мақалада айтылған мақсат-міндеттерді орындау мүмкін емес. Оның үстіне, Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, аталмыш жоба бар болғаны қатардағы науқандардың біріне ғана айналып кетпеуі керек. Демек, бұл тұста жүйелі бірнеше жылдық еңбектің меңзеліп отырғаны ұғынықты. Неліктен біздің Қазақстанның атауын білгенмен, мәдениетін, өзіндік болмысын бүкіл әлем әлі де білмейді? Осы бір мәселенің түп-төркініне көз жүгіртсек. Алғашқы әрі негізгі себеп – ол тарихымызда орын алған ірі-ірі трагедиялармен байланысты. Айталық, басты күрделілік – қазақ хандығы толыққанды мемлекет ретінде XV-ғасырда құрылып бітті. Сол кезеңде Еуропа елдерінің дамуының шарықтау шегі белсенді түрде жүріп жатты. Ал, Үнді, Қытай, Парсы елдері өзінің өркениетін біріншіден қалаға негізделген экономикадан бастаса, екіншіден тауар айналымы біздің дәуірімізге дейін басталған-тұғын. Мінекей, осы жағдаяттарды ескере отырып, біздің мемлекеттің бірнеше салалардан кенже қалғандығын осыдан-ақ аңғаруға болатындай. Оған қоса Жоңғар шапқыншылығы біздің бастауымызбен орын алмаған болатын. Дегенмен, елдің мәдени дамуын және өркендеуін едәуір тежеді. Ал, Ресей империясының Орта Азияны отарлау кезеңінің зардаптары турасында тіпті айтпаса да түсінікті. Бұл – бірінші себеп. Енді, екінші себепке келсек, ол – алдымен, тәуелсіздік жылдарында ойымыздағы қарқынмен қазақ тілінің қоғамның барлық құрылымын біріктіруші күшке тиісті деңгейде айналып кете алмауы. Яғни, тым болмаса қазақтар арасында мемлекеттік тілді толыққанды меңгеруге әлі де ұмтылып келеміз. Мінекей, Елбасымыздың «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!» деген пікірі осыдан туындаса керек-ті. Ал, тіл мәселесі бар жерде, мәдени мәселелер болуы заңдылық. Жоғарыдағы мәдени-әлеуметтік қиындықтарды қалай жылдамырақ шешуге болар еді? Ең алдымен, қазақ тілінің бірыңғай және қалыпқа түсірілген (стандартталған) ресми оқулығы қажет. Сондай-ақ, сол оқулық (оның іргетасы болған бағдарлама) барлық деңгейде барша оқу орындарында белсенді түрде пайдаланылып, кеңінен қолданыла бастауы шарт. Солай ғана бізде біртіндеп ұлттық мәдениетке ыңғайлы тілдік орта қалыптасады.
Держатели документа:
БҚМУ

Похожие издания по классификации