Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушының кешенді құзыреттілігін дамыту жолдары/Бердіғұлова, М. Ж.

 

QR-код документа

Оценок: 0

83
Б 48

Бердіғұлова, М. Ж.
    Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушының кешенді құзыреттілігін дамыту жолдары [Текст] / М. Ж. Бердіғұлова // Білім. - 2023. - №4. - Б. 56-66.
ББК 83

Рубрики: Литературоведение

Кл.слова (ненормированные):
әдебиетті оқыту -- кешенді құзыреттілік -- рухани-эстетикалық, ұлттық құндылықтар -- коммуникативті сөйлеу регистрі
Аннотация: Қарым-қатынас, ұлттық құндылықтар қоғамда маңызды рөл атқаратын қазіргі заманда әдебиетті оқу және зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табыла- ды. Әр мұғалім әдебиетке деген қызығушылықты қалай ояту, баланың (оқушының) көркем шығармаларды оқуға деген ниетін қалай қалыптастыру және дамыту, сон- дай-ақ оқуға қандай көркем шығармаларды ұсынған дұрыс екендігі туралы ойла- нады. Көркем шығарманы оқуға баулу мұғалімнің міндеті. Бұл мақалада адамгер- шілік қасиеттер мен ұлттық құндылықтар, ұрпақтардың рухани байлығы көркем шығармаларды оқу арқылы қалыптасу жолы көрсетіледі. Бүгінгі таңда білім беру саласы жаңа технологиялармен, жаңа әдістермен толықтыруда, сондықтан қазақ әдебиетін оқыту білім берудің жаңа идеяларына негізделуі тиіс. Әдебиетті оқыту жаңа сапаға ие болуы керек. Автор әдеби құзыреттілікті қалыптастырудың түсін- дірмесін және жаңа мүмкіндіктерін тәжірибеде қолдануды мысал ретінде беріп отыр. Алдымен автор қазақ әдебиеті әдістемешілердің теориясын негізге алу ке- рек екеніне назар аударды. Сол еңбектердің нәтижелері әдебиет сабағының са- пасын арттыруға, оқушыны кешенді талдау негізінде ұлттық құндылықтарға ба- улуға, қазақ тілінің байлығын, оның көркемдеуіш құралдарының функцияларын меңгеруге, оқушының тұлғалық қасиеттерін тарихи тұлғалар бейнесі арқылы қа- лыптастыруға жетелейді. Бұл мақалада осы әдебиет сабағында оқушының ке- шенді құзыреттілігін дамыту жолдары автор қолданған жаңа құралдар арқылы көрсетіліп отыр. Коммуникативті регистр бүгінгі күнде шығармадағы кейіпкер- лердің көзқарасын сомдайтын құрал болып саналады. Сол бес регистр бүгінгі күні әдеби шығармаларды ізденіп оқуға жол ашатын құрал ретінде көрсетілген (оның әдістемелік құндылығы бойынша отандық ғалым К. Н. Булатбаеваның ғылы- ми еңбектеріне сілтеме берілген). Оқушылар репродуктивтік, ақпараттық, гене- ритивтік, өкімдік, реактивтік регистрлердің мағынасын түсініп, шығармадағы ре- гистрлерді анықтап, олардың шығарма идеясын ашудағы рөлін анықтайды. Оқу процесінің нәтижесі ретінде бір көрініс кесте түрінде берілген. Осы бір құрал мы- салында оқушылардың әдебиет сабағында кешенді құзыреттілікке ие болатыны, шығарма оқуға қызығушылық туатыны дәлелденіп отыр.
Держатели документа:
ЗКУ

Похожие издания по классификации