Ақиқаттың алдаспаны/Солты, Ж.

 

QR-код документа

Оценок: 0

63 (5каз)
С 60

Солты, Ж.
    Ақиқаттың алдаспаны [Текст] / Ж. Солты // Егемен Қазақстан. - 2025 . - 27 қыркүйек. - №187. - 8. Б.
ББК 63 (5каз)

Рубрики: Тарих

Кл.слова (ненормированные):
Шераға -- тарихи тұлға -- ҚазМу - дың журналистика факультеті -- аудандық -- облыстық -- егемен қазақстан -- жұмагүлдің жұлдызы -- газет -- тараз -- алматы
Аннотация: Ойлап отырсам, мен Шерағаның аты - жөнінен бұрын өзімен танысқан екенмін. ҚазМУ - дың журналистика факультетіне құжат тапсырып, одан әрі алдағы болатын емтихандарға дайын ­ далып жүрген кезіміз еді. Бұған дейін аудандық, облыстық газеттерде шағын әңгімелерім жарық көріп, дәндеп қалған маған әр нөмірін асыға күтетін «Лениншіл жас» газетінің Алматыда екені есіме түсе кетті. Сол газеттің редакциясына барсам деймін. «Оу, барғанда, неге келдің десе қайтесің?» дейді ішкі бір ой өрекпіген көңілімді басып. «Рас-ау, бейсаубет жүрген адам кімге керек?» «Жоқ, бәрібір барамын. Е, таптым», дәп сол сәтте өткенде ғана жазып бітірген әңгімем есіме түсті. Соны апарсам, ешкім мені текке жүрген адам деп ойламайды.Ұзын сөздің қысқасы, жазғанымды арқалап, «Лениншіл жасқа» да жеттім-ау. Ішке кірсем, үлкен бір бөлмеде адам толып отыр. Назар аударатын түрі жоқ. Тіпті болмағасын, «әңгіме әкеліп едім» дедім бәсең дауыспен. Сол кезде «бері әкел» деді төрде отырған желке шашы бір қарыс жігіт ағасы. Мен ұсынған қағазды қолының ұшымен ғана іліп алған ол паңдана жымиды да, «сен енді жүре бер» деді. «Құдай-ау, тастап жүре бер дегені несі, келген адамды сыйлап, шағын әңгімені оқып шықса, несі кетеді» деген ішкі ойымды ол да сезді-ау деймін, «осы жұрттың бәрі өз жазғанын шедевр деп ойлайды-ау» деді айналасындағыларға жағалай қарап. Одан әрі әңгімені тыңдап тұруға дәтім жетпей, бөлмеден шыға жөнелдім. Әлгі кербез ағайдың енжар қимылы, жазбамды үстелінің үстіне тап бір керексіз нәрседей тастай салғаны есімнен кетер емес. Ұнжырғам түскені сонша, апарған дүнием газет бетіне шығады деген ойдан да біржолата үмітім үзілген.
Держатели документа:
БҚУ

Похожие издания по классификации