
QR-код документа
>
О-65
Ордабеков, С.
Ән іздеген Асан Қайғы [Текст] / С. Ордабеков> // Ana tili. - 2022. - 7-13 шілде. - №27. - Б. 7
Рубрики: Музыка
Кл.слова (ненормированные):
композитор -- көрнекті жазушы -- өнер зерттеушісі -- суретші -- Илья Жақанов -- Алтын жұлдыз -- Мәдениет -- Ұлттық ән өнері
Аннотация: Белгілі композитор, көрнекті жазушы, өнер зерттеушісі, суретші Илья Жақанов ағаға 2022 жылдың қарсаңында «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, Ақордада ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеудесіне «Алтын жұлдыз» таққанына көпшілік куә. Илья ағаның кіндік қаны тамған жері Сарысу ауданының Ақтоғай аулының маңындағы Көлмекөл екені белгілі болса да соңғы жылдары ол Атырау қаласында тұрып жатыр. Бірақ туған жерімен байланыс еш үзілмеген, ағайын-жұртпен хабарласып, ел-жұртта болып жатқан жаңалықтар мен заман тынысымен әркез хабардар. Міне, таяуда Илья аға туған жері Сарысу ауданына атбасын бұрып, 2-3 күн ел-жұртпен қауышты. Аудан орталығы Жаңатастағы Мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесуі өтіп, аудан әкімшілігі мен жерлестері үлкен құрмет көрсетті, аудан өнерпаздары композитордың «Жайлаукөл кештері», «Көлме-көл», «Толағай» және де басқа әндерін нақышына келтіре орындап, киелі де қазыналы Қаратау етегін әсем әнге бөледі. Облыстық мәслихаттың шешімімен И.Жақановқа «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Жерлестерінің ықыласына риза болған Илья Жақанов «Туған жерден артық еш жер жоқ. Көп нәрсені еске түсіремін. Елге келсем, бірге өскен замандастарымды көріп, дидарласып, қалжыңдасып ерекше сезімге бөленемін. Туған жерін сүймейтін, сағынбайтын жан жоқ шығар бұл өмірде, астанада жүрсең де, Атырауда Еділ жағасында, Бурабайда жүрсең де, мейлі саған ең бір жақын көрінетін орын бар, ол сен үшін жердің ең сұлуы – туған жерің. Маған көрсетіп жатқан ықыластарыңызға шексіз ризамын, – деп толқыды.
Держатели документа:
ЗКУ
Похожие издания по классификации