Сейтекке ерген Сертек немесе тектен тамыр тартқан өнер/Бисенов, Б.

 

QR-код документа

Оценок: 0

85
Б 65

Бисенов, Б.
    Сейтекке ерген Сертек немесе тектен тамыр тартқан өнер [Текст] / Б. Бисенов // Oral oniri. - 2023. - 6 сәуір. - №28. - Б. 6-7.
ББК 85

Рубрики: Өнер

Кл.слова (ненормированные):
Сейтек -- өнер -- күй -- қазақ күйлері -- Қатимолла Бердіғалиев
Аннотация: Осы бір орта бойлы, елгезек те сезімтал, жүзі де, жүрегі де жылы, көре қалса, құшағын айқара ашып, төсіңе құлай кететін ақпейілді бауырымыздың есімі аядай ауылдан асып, ел жұртқа тарағалы қаш-а-а-ан?! Құдай жаратқан əр пенде үшін бұ дүниеде өзіне бұйырған несібесі, тармақталған тағдыры болады десек, оның пешенесіне о бастан домбырашылық бұйырыпты. Кейде тектілік пен талантты туған топырағынан, атакүлдігінен нəр алған-ау деп топшылап жататынымыз бар ғой... «Халық айтса, қалт айтпайды». Сонау 1966 жылдың 30 шілдесі күні шыр етіп дүниеге келген шаңырағы да, кіндік қаны тамған өңір де осал емес. Аталары аруақ қонған, белдескеннің белін қайырған əрі өнер дарыған жандар болса, кіндік қаны тамған мекені – қаймана қазақ «Тұңғыштар отаны» атап кеткен құм Нарын һəм Бөкей ордасы. Аяулы ұстаздары шынашақтай құймақұлақ ұлды құлыншақ кезінен танып, «ащы терін» ерте сыпырмағанда, бүгінгі биікке шыға алар ма еді, жоқ па еді, кім білген?!
Держатели документа:
БҚУ

Похожие издания по классификации