Балалар үйі түлектерінің әлеуметтік бейімделу мәселелерін шешудегісүйемелдеу жүйесі/Сарыбаева, И.С.

 

QR-код документа

Оценок: 0

60.56
С 20

Сарыбаева, И. С.
    Балалар үйі түлектерінің әлеуметтік бейімделу мәселелерін шешудегісүйемелдеу жүйесі [Текст] / И. С. Сарыбаева, Б. Ж. Балмағанбет // Вестник Казахского национального университета имени Аль-Фараби=Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi. - Алматы, 2018. - №1(64). - Б. 124-131. - (Серия психологии и социологии)
ББК 60.56

Рубрики: Социология личности

Кл.слова (ненормированные):
жетім балалар -- өзіндік өмір сүру -- сүйемелдеу -- технология -- бейімделу -- әлеуметтік бейімдеу -- балалар үйі -- тәуелсіз өмір
Аннотация: Бұл мақалада балалар үйі түлектерінің әлеуметтік бейімделу мәселелері мен олардың постинтернаттық сүйемелдеу мәселелері қарастырылған. Қазіргі таңда жетім балалардың санының көбеюі әлемдік ғалымдардың назарын көп аудартуда. Жетім балалардың көбею тенденциясына байланысты түрлі факторлар ғалымдардың зерттеулерінде көрсетілген. Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында, қазіргі таңда жетім түлектердің қоғамға сәтті бейімделу мәселелері мен оларды постинтернаттық сүйемелдеу өзекті тақырыптардың бірі екенін көрсетті. Жұмыстың мақсаты – жетім балалардың балалар үйінен кейінгі қоғамдағы орнын, әлеуметтік бейімделуін теоритико-методологиялық тұрғыда анықтау. Жетім балаларды өз бетінше өмір сүруіне дайындауға қатысты әдебиеттерді талдау кезінде, жетім түлектердің өзіндік дағдыларын қалыптастырудағы ең тиімді технология сүйемелдеу екенін көрсетті. Сүйемелдеу әлеуметтік жұмыстың технологиясы ретінде қарастырылады, оған кіреді: жетім түлектердің бейімделу барысындағы бірнеше мәселелерді шешетін тиімді білімдер жүйесі; диагностикалық мақсатты тұжырымдау негізінде мәселені кезең-кезеңмен шешу. Сүйемелдеу балалар үйі мекемелерінде постинтернаттық кезеңде ұйымдастырылады. Сүйемелдеу технологиясын іске асырудың екі деңгейі бар: жүйелік сүйемелдеу ( мәселені оңалту мен түзету) және индивидуалды сүйемелдеу. Сүйемелдеу жүйесі жетім түлектерді өз бетінше өмір сүруіне дайындық бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарламаның жетім түлектердің бейімделу мәселесін шешетін ерекшеліктері көрсетілген.
Держатели документа:
БҚМУ
Доп.точки доступа:
Балмағанбет, Б.Ж.