ХХ ғасырдың басында Ақмола облысының әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштері: статистикалық шолулар негізінде тарихи талдау/Бисенова, Г.А.

 

QR-код документа

Оценок: 0

65
Б 65

Бисенова, Г. А.
    ХХ ғасырдың басында Ақмола облысының әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштері: статистикалық шолулар негізінде тарихи талдау [Текст] / Г. А. Бисенова // ULY DALA MURASY. - 2026. - №1. - Б. 19-33
ББК 65

Рубрики: экономика

Кл.слова (ненормированные):
Ақмола облысы -- статистикалық шолулар -- халық саны -- ауыл шаруашылығы -- оқу-ағарту -- сауда -- әлеуметтік-экономикалық даму
Аннотация: Мақалада XX ғасырдың басындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы Ресей империясының ресми статистикалық шолулары, жылдық есептері мен ведомстволық жинақтары негізінде тарихи тұрғыда жан-жақты талданады. Зерттеу барысында өңірдің әкімшілік-аумақтық құрылымы, уездер мен болыстар жүйесінің ерекшеліктері, халық санының динамикасы мен этникалық құрамының өзгерістері қарастырылады. Қоныс аудару саясаты мен көші-қон үдерістерінің бағыттары, олардың аймақтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы айқындалады. Ауыл шаруашылығының, соның ішінде мал және егін шаруашылығының даму деңгейі, өндірістік көрсеткіштері мен табиғи-климаттық жағдайлардың әсері талданады. Сонымен қатар өнеркәсіп пен сауда-саттық қатынастарының сипаты, жәрмеңкелік сауданың өңір экономикасындағы рөлі көрсетіледі. Оқу-ағарту саласыныңжай-күйі мен білім беру мекемелерінің аумақтық орналасу ерекшеліктеріне де назар аударылады. Мақалада ресми статистикалық деректер ғылыми айналымға кешенді түрде енгізіліп, олардың аймақ тарихын зерттеудегі ақпараттық және танымдық әлеуеті айқындалады. Зерттеу нәтижелері Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық даму үрдістерін кешенді түрде түсінуге мүмкіндік береді. Алынған тұжырымдар Қазақстанның аймақтық тарихын зерттеуде салыстырмалы-тарихи талдаулар жүргізу үшін деректік негіз бола алады.
Держатели документа:
БҚУ