Құрманғазының немере шәкірті/Жантілеуова, Ж.

 

QR-код документа

Оценок: 0

85.31
Ж 31

Жантілеуова, Ж.
    Құрманғазының немере шәкірті [Текст] / Ж. Жантілеуова // Ana tili. - 2022. - 30 маусым - 6 шілде. - №26. - Б. 6
ББК 85.31

Рубрики: Музыка

Кл.слова (ненормированные):
Батыс Қазақстанның күйші -- Құрманғазы -- Дәулеткерей -- домбырашы -- Қали Жантілеуов -- домбыра -- музыка -- оркестр домбырашылар -- консерватория -- халық аспаптар оркестрі
Аннотация: Батыс Қазақстанның күйшілік дәстүрінің XIX ғасырдағы биік шыңы Құрманғазы мен Дәулеткерейдің ғажап даналық өнерлері «қолдан-қолға» көшіп, бірінен-бірі үйреніп тарту орындаушылық зерделігінің арқасында бүгінгі күнге дейін жетті. Осындай күйшілік дәстүрді жалғастырып Құрманғазының шәкірті Мәменнің жолын ұстап күйін үзбей бізге қаз-қалпында әкелген бірегей домбырашы Қали Жантілеуов. Қали Жантілеуов Орал облысы, бұрынғы Бөкей ордасы Қисық қамыс/Қамыс самар (қазіргі Жаңа қала) деген жерде туған. Бес жасынан қолына домбыра ұстайды. Оның бала кезіндегі домбыра тарту өнеріндегі ұстаздары Алабас пен Нұртаза күйшілер еді. Көп ұзамай оған асқан шебер майталман күйші Мәменнің көзі түсіп бірнеше күй үйретеді. Кейін Мәмен оны өзіне шәкірт етіп жанына ертеді. Қали бала кезінде ауыл молдасынан сауатын ашқан. 25 жасында ауылдық кеңеске мүше болып, 1929 жылы колхозға кіреді. 1934 жылы Алматыға халық өнерінің Республикалық слетіне қатысуға Қали да келеді, осыдан оның өнердегі жаңа кезеңі басталады. Слетте Қали 1-орынды жеңіп алады да, халық аспаптары оркестріне қызметке қалдырылады. Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері Ахмет Қуанұлы Жұбановтың ең білікті көмекшісіне айналады. Содан ұзақ жылдар бойы Қали Жантілеуов оркестр домбырашыларының концертмейстері болады. Қали орындаушылық шеберлікті жас домбырашыларға жалықпай үйретіп, күй өнерінің қыр-сырына төзімділікпен баули білді.
Держатели документа:
ЗКУ

Похожие издания по классификации