
QR-код документа
>
М 34
Матыжанов, К.
Уыз тәрбие: толғам. Сәби үшін ойын мен еңбек егіз [Текст] / К. Матыжанов> // Ана тiлi. - 2022. - 16-22 маусым. - №24. - Б. 8
Рубрики: Педагогика
Кл.слова (ненормированные):
Уыз тәрбие -- ойын -- еңбек егіз -- балалар -- педагог-тәрбиешісі -- балабақша -- Ата-аналар -- психолог -- Питер Грей
Аннотация: Бірінші қағида (41). Ойын – уыз тәрбиенің ұлы құралы. Cәби өмірді де, өнерді де ойын арқылы таниды. Еңбекке де, білімге де ойын арқылы келеді. Оның бүкіл өмірлік дағдылары мен ақыл-ойы ойын арқылы қалыптасады. Біз әдетте ойын дегенде аяғы шығып, асыр салып жүрген баланы елестетеміз. Шындығында ойын адаммен бірге туып, ғұмыр бойына бірге болатын табиғи, әлеуметтік-мәдени феномен. Сәбидің туа салысымен аяқ-қолын қимылдатып, әртүрлі дыбыс шығарып, шалықтағанына дейінгі әрекеттерінің барлығында ойынның белгілері бар. Адам өз ғұмырының алғашқы үш жылында өмірінің қалған кезеңінде ешқашанда болмайтын ғаламат жылдамдықпен өседі. Міне, осы буырқанған даму мезетінде сәбидің ойынға деген құштарлығы да жоғары болады. Сәби кезінде ойынға «тоймаған» баланың уызға жарымаған төл тәрізді мешеулікке ұшырайтыны тәжірибеде дәлелденген. «Қабырғасы қатпаған, буыны бекімеген, тілі шықпаған шақалақ ойынды қайтсін» деген ойдан аулақ болыңыз.
Держатели документа:
ЗКУ
Похожие издания по классификации