Ұстаздар ұлағаты/Дәулетбекова, Ж.

 

QR-код документа

Оценок: 0

74.00
Д 21

Дәулетбекова, Ж.
    Ұстаздар ұлағаты [Текст] / Ж. Дәулетбекова // AQIQAT. - 2021. - №12. - б. 97-100
ББК 74.00

Рубрики: Жалпы педагогика

Кл.слова (ненормированные):
ұстаз -- мектеп -- бауыр -- ауыл
Аннотация: Бүгінде заманауи құралдар мен жабдықталған, хан сарайындай алуан түрлі зәулім мектептерді көріп жүрсем де, менің жүрек түкпірімде мектеп атаулының ең қасиеттісі, ең алыбы болып өзім алғаш табалдырығын аттаған сол бір қарапайым ақ үй қалып қойды. Мен өскен ауыл - "Жоғарғы Боралдай" деп аталатын, жүз-жүз жиырма шамасында түтіні бар шағын ғана елді мекен. Кеңес дәуірінің ұғымымен айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы Шаян ауданы ХХІІ партсъезд совхозының құрамындағы ферма. Біздің ауылдың табиғаты ерекше әсем болатын. Ақ шаңқан үйлердің айналасы жасыл желекке бөленіп, ерекше құлпырып тұрар еді. Әрине, қазіргідей силикаттан я қызыл кірпіштен өрілген үлкен үй болмаса да, кәдімгі сары топырақтан кірпіш құйып жасалған сол үйлерді әркім өз шамасы жеткенше тұрғызатын. Өз қолымен жасаған әр затқа асқан ұқыптылықпен, жанашырлықпен қарау кез келген адамға тән қасиет қой. Сондықтан да, болар біздің жақтың адамдарында "үйімді үкімет жөндеп береді" деп қол қусырып отыратын әдет жоқ. Аналарымыз үйдің сыртын жарқырата ақтап, бүкіл ауылдың көшелері мен аулалары тазартылатын. Оның арасында өтетін жаппай сенбіліктер бар, әйтеуір ауылымыздан тап-тұйнақтай тазалық сезіліп тұрар еді.
Держатели документа:
М. Өтемісов атындағы БҚУ

Похожие издания по классификации