
QR-код документа
>
О-57
Омаров , Д.
Абай тойын дұрыс өткізе білейік [Текст] / Д. Омаров > // Жалын . - 2020. - №2. - Б. 14-36
Рубрики: Философия
Кл.слова (ненормированные):
Абай Құнанбайұлы-175 жыл -- Абайтану -- Абай мұрасы -- Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан -- Президент Қ.К.Тоқаев -- кеңес одағы Абай ілімі аясында -- КСРО
Аннотация: Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Егемен Қазақстан» газетінде 09.01.2020 жылы жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Биыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек… Абайдың ойынан да, тойынан да тағылым алуға тиіспіз» деп жазды. Бұл тың ой. Бұрын мұндай дәрежедегі лауазымды адам айтпаған ой. Себебі, шынтуайтына келетін болсақ, бұрынғы тойлардың көпшілігі «той тойлау үшін» өткізіліп келді. Бұрынғы көшпенділік өмір қалыптастырған ұлттық дәстүр әлсіреп, табиғатпен байланыс үзіле бастаған біздің дәуірде мерейтойлардың «той тойлау үшін» өтуі, әрине, таң қаларлық жағдай емес. Осылай бұл тойлар қанша көп қаражат шығарылып, ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылғанымен, келешек үшін тиімділігі әлсіз боды. Мұндай ойды бұрын өткен Абайдың 150 жылдық мерейтойы ғана емес, сонан кейінгі Шәкәрім, М.Әуезов мерейтойлары туралы да айтуға болады. Оларға арналған қанша қаражат пен ауқымды іс-шаралар осылай өздерінің лайықты нәтижесін бермей, халықтың рухани дәрежесіне көп ықпалы болмады. Мұның себебін білу үлкен мерейтойлар ғана емес, күнделікті тіршілік үшін де керек. Қытай данышпаны Конфуций «Ата-бабалар аруағына құрбандық шалуды олар әлі тірі жүргендей жасау керек» деген екен. Аруақтарды өлі адамдар емес, әлі тірі, өзіміздің ортамызда жүргендер деп қабылдайтын болсақ, сонда біз олардан бөлінбей, үнемі есте ұстап, байланыста боламыз. Бірақ атеистік коммунистік дәуір бізге аруақтың нағыз болмысын ұмыттырды. Біз аруақтардың өзімізге, қоғамға келтіретін маңызды әсерін білмей, сондықтан ескермейтін болдық. Бүгінгі күндері адам қайтыс болған соң жетісінде, қырқында, жылында құрбандық шалу, жылдар өткен соң тасаттық беру тәрізді шаралар көбейіп, оларға жұрт көп жиналады. Үйлену тойы мен адамды о дүниеге шығарып салу шарлары кейде бірдей салтанатпен өтіп, үлкен шығын жұмсалатын болды. Ел осыған үйрене бастады. Кейбір жағдайларда бұл іс-шаралардың тіпті түпкі мақсаты ұмытылып, аруақтар үшін емес, жасаған адамның абыройын көтеру, немесе «елден қалмау» үшін жасалатын болды. Ал барған адамның негізгі мақсаты – сойылған малдың етін жеп, әңгіме-дүкен құру. Дінімізге де, салт-дәстүрімізге де келмейтін мұндай қарекеттер бүгінгі тапшылық заманда рәсуашылық тудырып, халықтың жағдайын одан сайын төмендетіп барады. Алдымыздағы үлкен мерейтойды өз дәрежесінде дұрыс өткізу үшін президентіміздің айтқан салиқалы ойын кеңінен талдап, мағынасын тереңірек түсінуге ұмтылайық. Себебі, бұл ойдан маңызды сұрақ туады. Жасалып жатқан ауқымды іс-шаралардың нәтижесін толық көріп, рухани тұрғыдан дамый алуымыз үшін мерейтойды қалай өткізуіміз керек? Мерейтой алдында көпшілігіміз үшін бұл өте маңызды сұрақ. Абайтанушы және теолог ретінде бұл өзекті мәселе төңірегінде қысқаша болса да өзімнің ойымды бөлісуді жөн көрдім.
Держатели документа:
БҚУ
Похожие издания по классификации