
QR-код документа
>
Ж 79
Жолдыбай, К.
Бағымызды ашқан - тәуелсіздік [Текст] / К. Жолдыбай> // AQIQAT. - 2021. - №12. - б. 6-10
Рубрики: Ішкі саясат. Ішкі жағдай
Аннотация: Қорқыт бабадан жеткен: "Өткен күн, кеше - тарих, келер күн, ертең - сыр, бүгінгі күн - сый" деген сөз бар. Біз жаңа дәуірге қадам басып келе жатқан жас елміз. Бірақ өткенді ұмытпаймыз. Өйткені бабаларымыздың еліміздің игілігі үшін атқарған еңбектері ұрпаққа өнеге болып, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеуге тамаша үлгі болып қала береді. Олай болса, кешегіні ұмытпай, үнемі еске алып отырсақ бүгінгіні бағалап, алдағыны ардақ тұтарымыз анық. Алдыңғы толқын аға буынның өмірінен құлағдар болып жүрсе деген мақсатпен мен де өз ойыммен бөліскенді жөн санап отырмын. Иә, "өткен күндер - тарих, болашақ үміт" дегендей Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Отыз жыл - бір азаматтың ғұмыры, еңбек жолы, болашаққа жол салар ізі. Дей тұрғанмен, еркін елдің дербес шаңырақ көтеру қуанышын өз көзімен көрген алдыңғы буын болмаса, кейінгі жастар өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы тарихи оқиғалардың тереңіне бойлап, мәнін жете түсіне бермейді. Тәуелсіздікке тағдырдың бере салған сыйы ретінде қарайды. Бірақ тәуелсіздікті алу бар да, оны қалыптастыру мүлдем бөлек дүние еді. Қажырлы еңбек пен қайтпас мінез ғана бүгінгі күнге жеткізіп отыр.
Держатели документа:
М. Өтемісов атындағы БҚУ
Похожие издания по классификации