
QR-код документа
>
Р 69
Романова, С. М.
Құрғақ аймақтардағы табиғи сулардың өздігінен тазалану қабілеті [Текст] / С. М. Романова, Р. Г. Рыскалиева, О. И. Пономаренко> // Вестник Казахского национального университета имени Аль-Фараби=Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi. - Алматы, 2018. - №2(89). - Б. 36-42. - (Серия Химическая=Химия сериясы)
Рубрики: Химия
Кл.слова (ненормированные):
өздігінен тазару -- өздігінен тазару қабілеті -- табиғи сулар -- сорбция -- металдар -- ластаушы заттар -- су айдындары
Аннотация: Мақалада құрғақ аймақтардағы табиғи сулардың (ағынсыз Балқаш көлі мысалында) өздігінен тазару және өздігінен тазалану қабілеті бойынша әдеби мәліметтері мен салыстырмалы түрде жеке зерттеу материалдары берілген. Сонымен қатар, өздігінен тазару үдерісі нысандарын қалпына келтіруге бағытталған ластанған табиғи сулардағы барлық табиғи үдерістердің (гидродинамикалық, химиялық, микробиологиялық және гидробиологиялық) жиынтығын құрайтыны көрсетілген. Табиғи сулардың өздігінен тазару үдерістерінің күрделілігі және алуан түрлілігі, су қоймаларының жеке (физика-географиялық) жағдайларына және ондағы заттардың мөлшерімен анықталады. Су қоймаларына және су ағыстарына тасталынатын ластаушы заттардың көп мөлшері өздігінен тазару үдерістерінің жүзеге асуын қиындатады. Балқаш көлінің шөгінділері және саз — металл иондарын өзіне сіңіріп алатыны анықталған. Mn2+ иондарының сазбен сіңірілу үдерісі көбінесе жанасудың алғашқы үш сағаты ішінде жүреді, ал олардың лаймен сорбциялануы 10-15 тәулікке дейін жалғасады. Шөгінділер көбінесе алдымен кадмийді (90%), одан соң мырышты (86%) және мысты (78%) сіңіреді. Динамикалық режимде Mn+2 иондары концентрациясының 5,0-тен 100 мкг/л-ге дейінгі диапазонында цеолиттің сорбциялық қасиеті жоғары (СҚ = 1,02•10-3), одан соң Fe(OH)3 (0,28∙10-3) және Al(OH)3 (0,10•10-3 ммоль-экв/г).
Держатели документа:
БҚМУ
Доп.точки доступа:
Рыскалиева, Р.Г.
Пономаренко, О.И.
Похожие издания по классификации