
QR-код документа
>
К 89
Құдайберген, Н.
Мендегі аққу арман мамыралаған [Текст] / Н. Құдайберген> // Жалын . - 2020. - №2. - Б. 86-89
Рубрики: Художественная литература
Кл.слова (ненормированные):
Түркістан облысы -- Кентау ауданы -- Абай ауылы -- поэзия -- өлеңді күткен аруға -- кең дүние -- жолдар -- сауығу -- бір тыныштық -- о, аспан -- қаратуға хат
Аннотация: Нұрбол ҚҰДАЙБЕРГЕН, 1996 жылы Түркістан облысы Кентау ауданы Абай ауылында туған. 2013-2018 жылдар аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің жалпы медицина факультетінің бакалавр мамандығын тәмамдаған. Бірнеше облыстық, республикалық мүшәйралардың жеңімпазы. Өлеңді күткен аруға Көкте емес-ем ғой жердемін, Өңім бе түсім сенбедім. Тұңғиық тылсым ғайыптан, Сәуле боп түскен сен бе едің? Гүлімсің нәркес ең керім, Күнімсің сөнбес сен менің. Деп жүрген қанша ғашықтың, Арманы болған, сен бе едің? Теңізден інжу тергенім, Емес қой еркем ермегім. Тұншығып жатқан тереңде, Жанымды ұғар сен бе едің? Егілсем бордай ерге мін, Жеңілсем болмай өлгенім. Қыранның талмас қанатын, Тілеген маған сен бе едің? Ғұмырдан ұзақ ертегім, Бүгінен бастау ертеңім. Уақытты естен тандырған, Талдырмаш ару сен бе едің? Бойымды баурап сендегі үн, Әлемді әсем тербедің. Жанарың нұрдан жаралған, Үр қызы сәулем сен бе едің? Аңсарың айтып пенденің, Жаралы жанға ем дедім. Жұпары бақтың аңқыған, Өлеңге құштар сен бе едің?
Держатели документа:
БҚУ
Похожие издания по классификации