Абай және ислам мәдениеті/Дәдебаев, Ж.

 

QR-код документа

Оценок: 0

83(5каз)
Д 12

Дәдебаев, Ж.
    Абай және ислам мәдениеті [Текст] / Ж. Дәдебаев // Qazaq adebieti. - 2025. - №4.- 31 қаңтар. - Б. 8-9
ББК 83(5каз)

Рубрики: Әдебиеттану

Кл.слова (ненормированные):
Абайдың шығармашылығы -- Ақын өлеңдері -- қара сөздері -- сенім -- ұстаным -- адам туралы ілімі -- Мұса пайғамбар -- Құранның қағидалары -- Абай ілімі
Аннотация: Абайдың шығармашылығында өмір шындықтары, оларды тану мен бағалау, іштің сыры мен тыстың қыры терең көрініс тапқан. Ақын болмыстағы шындық құбылыстарды сурет­теп, көрсетіп қана қоймайды, олардың мәнісін дәстүрлі дүниетаным тұрғысынан түсіндіреді, бағалайды, насихат етеді. Сол қат-қабат, көп қырлы, күрделі шындық құбылыстарды ақынның дәстүрлі дүниетаным жүйесінде жинақтауы мен саралауы, пайымдауы мен бағалауы ізгі, игілікті қағидалардың қалыптасуына алып келді. Ол қағидалар ақынның дәстүрлі дүниетаным құндылықтарына негізделген көзқарасының ерекшелігін ашады. Олар махаббат пен ғадауат, әділет пен әділетсіздік, жақсылық пен жамандық секілді ұғымдарға қатысты анықталады. Абай адамның ойы мен адамзат қоғамының бойындағы әділетсіздіктің, жамандықтың себебін ақиқат­ты тани алмаумен, жақсы мен жаманды айыра білмеумен, білімсіздікпен байланысты түсіндіреді. Ал адамның ойы мен ісінің әділетін ақылдың кемелдігімен, білімнің тереңдігімен байланыстырады. Енді осы түсініктің түбіне үңілгенде, ақын ойының желісі ілгеріде жасаған ғұламалардың, халықтың дәстүрлі дүниетанымының ақыл, қайрат, жүрек туралы қағидаларымен ұштасатыны аңғарылады.
Держатели документа:
БҚУ

Похожие издания по классификации