
QR-код документа
>
У 84
Утегенова, А.
Мектептің көптілді визуалды кеңістігі және оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру: Қазақстан мептептері материалдары негізінде [Текст] / А. Утегенова, А. А. Жумагулова , Г. А. Ажкеева> // Білім ғылым-педагогикалық журнал. - 2026. - №1. - Б. 152-163
Рубрики: Білім беру
Кл.слова (ненормированные):
тілдік ландшафт -- мектептің визуалды кеңістігі -- көптілділік -- ұлттық сана -- Білім беру ортасы -- семиотикалық талдау -- фотофиксация -- тілдік саясат
Аннотация: Аңдатпа. Мақалада мектептің көптілді визуалды кеңістігінің оқушылардың ұлттық санасын қалыптастырудағы рөлі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан мектептеріндегі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің визуалды көрінісін анықтап, олардың білім алушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға ықпалын айқындау. Эмпирикалық материал ретінде Қазақстанның әр өңіріндегі мектептердің тілдік ландшафты алынды. 2025 жылы жоба аясында зерттеу тобы Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларындағы, сондай-ақ Ақмола облысының ауылдық мектептеріндегі білім беру ұйымдарында далалық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу барысында әр мектептің ішкі және сыртқы кеңістігі фотофиксация әдісі арқылы құжатталып, барлығы N = 426 визуалды бірлік тіркелді. Әрбір материал тілдік (қазақ, орыс, ағылшын), функционалдық (ақпараттық, тәрбиелік, бағыттаушы) және семиотикалық параметрлер бойынша сипатталып, сандық және сапалық талдауға түсірілді. Талдау нәтижелері мектептің визуалды тілдік ортасы тек ақпарат жеткізу құралы ғана емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды, мәдени кодтарды және тілдік басымдықтарды бейсаналық деңгейде қалыптастыратын маңызды педагогикалық фактор екенін көрсетті. Зерттеу қорытындылары мектептің тілдік ландшафты білім беру кеңістігінің жасырын тәрбиелік ресурсы ретінде қарастырылуы тиіс екенін және оны мақсатты түрде жобалау оқушылардың ұлттық бірегейлігін қалыптастыруда тиімді құрал бола??алатынын дәлелдейді.
Держатели документа:
БҚУ
Доп.точки доступа:
Жумагулова , А.А.
Ажкеева, Г.А.
Похожие издания по классификации