А. Васильевтің "Исторический очерк русского образования в Тургайской области" атты еңбегінің тарихи деректік және танымдық мән-маңызы (очерктің І бөлімі бойынша)/Әбсадық, А. А.

 

QR-код документа

Оценок: 0

63
Ә 17

Әбсадық, А. А.
    А. Васильевтің "Исторический очерк русского образования в Тургайской области" атты еңбегінің тарихи деректік және танымдық мән-маңызы (очерктің І бөлімі бойынша) [Текст] / А. А. Әбсадық, З. Е. Қабылдинов, Ж. Арықбаева // Отан тарихы. - 2021. - №4. - б. 5-15
ББК 63

Рубрики: Тарих. Тарих ғылымдары

Кл.слова (ненормированные):
васильев -- байтұрсынұлы -- торғай облысы -- мектептер жүйесі -- мұғалімдер -- ауыл мектебі
Аннотация: Александр Васильевич Васильев - Ресей империясының бөгде жұрттар арасында халық ағарту ісін ұйымдастыру саласының қайраткері, миссионер. Чуваш, татар, қазақ, араб тілдерін меңгерген түрколог. Ұлты - чуваш. Ол 1869-1876 жылдары Чебоксар діни мектебінде, 1876-1882 жылдары Қазан діни семинариясында, одан соң Қазан діни академиясында мұсылмандық діни сенімге қарсы маманданатын миссионерлік бағытта білім алады. 1886 жылы Қазан діни академиясын тамамдағаннан кейін Орынбор діни семинариясында грек тілінен, миссионерлік пәндерден, музыкадан сабақ береді. Шенеунік қызметтерін де атқарды. 1889-1894 жылдары Торғай облысының инспекторы лауазымын атқара жүріп, ол Торғай облысына орыс білімін тарату тарихымен танысады. Соның нәтижесінде оның "Исторический очерк русского образования в Тургайской области" деп аталатын тарихи очергі дүниеге келіп, 1896 жылы Орынборда басылып шығады. Кеңес дәуірінде аталмыш зерттеудегі деректер "жабық" түрде болып, ғылыми ортаға кең таныс болмады. А. Васильевтің зерттеуі - Торғай облысына орыс білімін тарату ісінің басы-қасында болған Н. Ильминскийдің, В. Григорьевтердің еңбектерінде, Орынбор әкімшілігінің қызметтік хаттарына, үкіметтің құжаттарға, архивтік материалдарға негізделген құнды тарихи-анықтамалық тарихи еңбек. Онда Торғай облысында ашылған орыс-қазақ мектептерінің ашылуы, онда қызмет еткен ұстаздар, білім алған шәкірттер туралы толымды тарихи деректер келтіріледі. Ағартушы А. Байтұрсынұлының ұстаздық жолындағы алғашқы мәліметтер де осы кітапта сақталған.
Держатели документа:
М. Өтемісов атындағы БҚУ
Доп.точки доступа:
Қабылдинов, З. Е.
Арықбаева, Ж.

Похожие издания по классификации