Батыс Қазақстан облысындағы адамғада улығы қауіпті өрмекшілердің биоэкологиялық ерекшеліктері/Қабдрахимов, Ə.А.

 

QR-код документа

Оценок: 0

28.691.8
К 12

Қабдрахимов, Ə. А.
    Батыс Қазақстан облысындағы адамғада улығы қауіпті өрмекшілердің биоэкологиялық ерекшеліктері [Текст] / Ə. А. Қабдрахимов // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №4. - Б. 509-518.
ББК 28.691.8

Рубрики: Членистоногие

Кл.слова (ненормированные):
Eresus kollari -- Allohogna singoriensis -- Latrodectus tredecimguttatus -- улы өрмекшілер -- Батыс Қазақстан облысы
Аннотация: Мақалада Батыс Қазақстан облысы аумағында таралған улы өрмекшілердің үш түрі – Eresus kollari F.W. Rossi, 1846 (Eresidae), Allohogna singoriensis (Laxmann, 1770) (Lycosidae) жəне Latrodectus tredecimguttatus (P. Rossi, 1790) (Theridiidae) түрлерінің морфологиялық ерекшеліктері, экологиялық жағдайлары мен адамға тигізетін ықтимал қауіптілігі қарастырылған. E. kollari түрі – сирек кездесетін, негізінен ін ішінде тіршілік ететін, адамға агрессивтілігі төмен өрмекші. Оның шағуы жеңіл жергілікті реакциялармен сипатталады жəне адам өміріне айтарлықтай қауіп төндірмейді. А. singoriensis – өңірдің ең ірі өкілі, тарантулдар қатарына жатады. Бұл түр де адамға сирек қауіп төндіреді, уы ауырсыну мен ісік тудырғанымен, əдетте уланудың ауыр белгілерін бермейді. Ең қауіпті түр – L. tredecimguttatus (қарақұрт), оның уы нейротоксикалық əсер етіп, ауыр улануға жəне кей жағдайларда өлімге əкелуі мүмкін. Соңғы жылдары бұл түрдің Батыс Қазақстан облысында санының артуы мен ареалының кеңеюі, сонымен қатар елді мекендерге енуі байқалуда.
Держатели документа:
ЗКУ

Похожие издания по классификации