
QR-код документа
>
Қыдыршаев, А.
Елбасы Жолдауы - жаңаша жаңғыруға негіз [Текст] / А. Қыдыршаев> // Өркен. - 2017. - №4. - 30 сәуір. - Б. 14
Рубрики: Саясат
Кл.слова (ненормированные):
елбасы -- жаңаша жаңғыру -- болашаққа бағдар -- рухани жаңғыру -- сапалы білім беру -- мақала
Аннотация: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдағы Жолдауын ерекше ықыласпен, аса қызығушылықпен күткеніміз рас. Дәлірек айтсақ, Президенттің әр жылдағы Жолдауынан еліміздің даму барысына қатысты тың жаңалық күтеміз. "Кеңес қылған ел азбас, кеңінен пішкен тон тозбас" дегендей, Елбасымыздың биылғы 2017 жылғы 21-інші Жолдауы да елдің еңсесін көтерген, елдік идеяларға толы бірегей стратегиялық тарихи құжат болды. Егер де Елбасы 2013 жылы "Қазақстан-2050" стратегиясын - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты тұрғысында жарияланып, 2014 жылғы Жолдауда дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарын нақтылы шегелей ұсына білсе, биылғы 2017 жылғы Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы жөнінде нақты міндеттер қойып, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімінің жаңа моделін құру қажеттілігін баса айтады. Елді іс біріктірері, сөз бұзары хақ десек, Елбасы Жолдауында экономиканы жеделдетілген технология негізінде жаңғырту; бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту; макроэкономикалық тұрақтылық; адами капитал сапасын жақсарту; институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күресуге қатысты салаларда атқарылар, ел дамуын биіктетер басты басымдықтарға орынды тоқталды. Елбасымыз тапжылмастан баспа бетіндегі жазба материалына зер салып, сүйенер ұлының әрбір сөзін қалт жібермей, мұқият оқып отырған туған халқының мерейін тасытып, рухын көтеріп, соны серпіліс жасай білді
Держатели документа:
БҚМУ
Похожие издания по классификации