
QR-код документа
>83.7
Б 60
Биктурганова, К. С.
Мектептерде шешендік өнерді оқыту қажет пе? [Текст] / К. С. Биктурганова> // А.С. Қыдыршаевтың 60 жас мерейтойына арналған «Қазіргі қоғамдағы және білім беру саласындағы шешендіктанудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. - Орал, 2023. - Т.1. - 17 қараша. - Б. 213-216.
Рубрики: Ораторское искусство
Кл.слова (ненормированные):
Сөз шеберлігі -- әдеби тіл -- сөйлеу -- шешендік өнер -- Риторика -- Риторикалық стратегия -- Фрейм
Аннотация: Бүгінгі қоғам бізден әр адамның өз пікірін, өз ой-көзқарасын орнымен, өз мақсат мүддесі тұрғысынан жетік жеткізіп, қойылған сұрақтарға жауап бере білуді қажет етеді. Пікірлесе алу, ой тастау, пікірталастыра білу адамның білімін, білігін, сөз байлығын танытумен бірге қоғамдағы орнын да анықтайды. Сөз шеберлігі – әдеби тілде сөйлеу, сондай-ақ түрлі тілдік амал- тәсілдерді мағыналық, формалық, стильдік сипаттарына сай ұтымды талғап таңдай білу. Сөйлеудегі қажетті тұстарды қалап, таңдау үшін біз шешендік өнер қыр-сырын білуіміз керек. Шешендік өнер – өзінің зерттеу нысанасы, белгіленген теориясы, сандаған жылдардан бергі тарихы бар пәндердің бірі. Қолданбалы пәндердің қатарына жататын шешендік өнер кешендік білім жүйесін құрайды. Бұл білім сөйлеу этикасын жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне қарай жұмсай білу, өз пікірін жеткізу, сендірумен бірге сөз арқылы оқыту, тәрбиелеу мақсаттарын қояды. Шешендік өнер тек құрғақ білімді жатқа білу емес, оның ерекшелігі де сол кез келген ортаның ыңғайына қарай сөйлеушінің өзін ұстай алуы, дұрыс ойын жеткізе алуы десек, аталған шарттар практиканы көп қажет етеді. Шешендік өнер тарихы сонау ерте замандардан басталады. Адамзат баласы игерген алғашқы, әрі желісі үзілмей келе жатқан өнерлердің бірі. Оның тарихын білу халық тарихын білумен бірге, сөйлеу мәдениетін, әдебін үйрену, сөздерді дұрыс таңдай алу ерекшеліктеріне жаттығу. Шешендік өнер қоғамның саяси-экономикалық , әлеуметтік негіздері қажеттіліктерінен туған.
Держатели документа:
ЗКУ
Похожие издания по классификации