
QR-код документа
>74
С 40
Сисенгазиева, М. Б.
Бастауыш сыныпта «отан» концептісін меңгерту жолдары [Текст] / М. Б. Сисенгазиева> // Махамбет Өтемісовтің 220 жылдығына арналған «Университет ғылымының жетістіктері мен болашағы» атты 80-ші республикалық ғылыми-тәжірибелі конференциясының материалдары. - Орал, 2023. - 12 сәуір. - Б. 28-31.
Рубрики: Педагогика
Кл.слова (ненормированные):
Бастауыш сынып -- отан -- қазақ тіл -- когнитивтік лингвистика -- лингвомәдениеттану -- антрополингвистика -- психолингвистика -- концепт теориясы -- білім беру -- оқушылар -- отансүйгіштік -- тәрбие құндылықтары
Аннотация: Бүгінде қазақ тіл білімінде тілді зерттеудің жаңа ғылыми бағыттары белсенді сипат алып отыр. Солардың ішінде, тіл білімінде маңыздылары когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, антрополингвистика, психолингвистика сияқты ауқымды бағыттары қарқында дамуда. Когнитивті лингвистика шеңберінде концепт теориясы мен оның құрылымына қатысты теориялық зерттеулер деректерін зерделейтін болсақ, концепт – әлемнің бейнесі жайлы түрлі ақпарат беретін ұлттық мәдени-танымдық мәнге ие болған тілдік қолданыстағы мағынасының ой елегінен өтіп, тіл арқылы бейнеленуі. Концепт – тіл мен таным бірлестігі арқылы дүниені, жалпыадамзаттық құндылықтарды жан-жақты тануға, сонымен қатар, ұлттық-танымдық мәдениетті зерделеп ұғынуға ықпал ететін, адам санасындағы жинақталған білім. Белгілі тілтанушы ғалым Ж. Манкеева: «Қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани-мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі әр тіл – өз бойында ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын сақтаған жүйе» [1] - деп тілдің ұлт үшін танымдық маңызы мен мәнін ашып көрсетеді. Осы орайда, «концепт» терминінің тіл білімі ғылымдағы маңызы арта түседі. Белгілі бір мәдениет үшін құнды әрі маңызды мәні бар атаулар ғана концепт деңгейіне көтеріле алады. Концептілер – тілді тұтынушы халықтың дүниетаным көрсеткіші
Держатели документа:
ЗКУ
Похожие издания по классификации