
QR-код документа
>85.31
Е 69
Ергалиева, А. Т.
Қазақ музыкасында халықтар арасындағы өзара мәдени байланыстың қалыптасу тарихынан (Құрманғазы күйлері мысалында) [Текст] / А. Т. Ергалиева, Ә. С. Сабирова> // БҚМУ хабаршысы. - Орал, 2020. - №4. - Б. 258-267
Рубрики: Музыка
Кл.слова (ненормированные):
музыка -- күй -- батысқазақстандық күйшілік дәстүр -- мәдени-аралық байланыс -- домбыра -- күйші -- географиялық жағдай -- тіл -- композитор -- төкпе орындаушылық стиль -- сағалық даму -- шек
Аннотация: Заманауи Қазақстанда мемлекеттік деңгейде жаңа типті мәдениетті орнықтыру жұмыстары іс жүзіне асырылып, ғасырлар қойнауынан жеткен қазақтың дәстүрлі күй өнерін насихаттап, оның ерекшелігін анықтау жұмыстары өз жалғасын табуда.Мақалада қазақ музыкасының классигі Құрманғазы Сағырбайұлының күй мұрасы әлі де жаңашыл көзқараспен терең зерттеуді қажет ететіндігі дәлелденеді. Бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі - халықаралық қарым-қатынас және көптілділік мәселесі домбырашылық өнерде де көрініс тауып, басқа тілмен аталған күйлердің дүниеге келгені тарихи шындық. Құрманғазы көптеген халықтардың музыкасын есітіп, аспаптарын біліп, көкірегіне тоқып, татар, кавказ, орыс әуендерін домбырада ойнай алатын. Оның ешкімді ұлтына, дініне қарамай бірдей көру қасиеті – күйші бойындағы ойшылдық, ұлылық қасиеті мен өмірлік ұстанымдарын айқындайды. «Лаушкен», «Перовский марш», «Машина», «Саранжап», «Не кричи, не шуми», «Охота», «Пәбескі», «Итог» күйлерінің әрқайсысы күйші-композитордың өмірінде кездескен жандарға, ерекше уақиғаларға арналады. Ол орынбор губернаторы, әскери және мемлекеттік қайраткер В.А.Перовскийді (1795-1857)өмір бойы ардақтап өтіп, оған «Перовский марш» атты туындыларының бірнешеуін арнады. Сол сияқты орыс шаруасы Лавочкиннің күні бойы бақшасындағы тынымсыз еңбегінің нәтижесінде мол өнім ала білетін өмір сүру тәсіліне қызығып «Лаушкен» күйін шығарады. Композитордың «Машина», «Не кричи, не шуми», «Охота», «Пәбескі», «Итог» шығармаларының да осындай мазмұны терең. Яғни, Құрманғазының әр күйінің бойында домбыраның шегімен жеткен қазақтың қалың тарихы жатыр.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Сабирова, Ә.С.
Похожие издания по классификации