Цифрлық технологиялар негізінде ауылшаруашылығы карталарын жасау технологиясын жетілдіру/Азизов, Э.А.

 

QR-код документа

Оценок: 0

32.97
А 35

Азизов, Э. А.
    Цифрлық технологиялар негізінде ауылшаруашылығы карталарын жасау технологиясын жетілдіру [Текст] / Э. А. Азизов, Д. С. Тұрсынғазы // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №4. - Б. 358-368.
ББК 32.97

Рубрики: Вычислительная техника

Кл.слова (ненормированные):
ауылшаруашылық карталары -- цифрлық технологиялар -- деректерді өңдеу -- өндіріс тиімділігі -- агробизнес -- заманауи əдістер
Аннотация: Бұл мақалада цифрлық құралдар мен геоақпараттық жүйелерді (ГАЖ) пайдалана отырып ауыл шаруашылығы карталарын жасауға арналған заманауи əдістер мен технологиялардың жан-жақты шолуы ұсынылған. Ғаламдық цифрландыру жағдайында ауыл шаруашылығы алқаптарын мониторингтеу, есепке алу жəне басқару үдерістерінде инновациялық тəсілдерді қолданудың маңызы арта түсуде. Зерттеуде геоақпараттық жүйелердің (ГАЖ), Жерді қашықтан зондтау технологияларының, машиналық оқыту мен жасанды интеллекттің кеңістіктік деректерді талдау жəне ауыл шаруашылығы аумақтарын визуализациялау саласындағы теориялық жəне тəжірибелік аспектілері қарастырылған. Мақалада ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді цифрлық картографиялау процесінде цифрлық технологияларды енгізудің отандық жəне шетелдік тəжірибелері талданып, олардың негізгі артықшылықтары мен шектеулері айқындалған. Сондай-ақ спутниктік жəне климаттық деректерді біріктірудің маңыздылығы атап өтіледі, бұл өз кезегінде егіс жағдайын дəлірек бағалауға, өнімділікті болжауға жəне табиғи əрі антропогендік өзгерістерге дер кезінде əрекет етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар дəлме-дəл егіншілік пен агроландшафтарды кеңістіктік талдау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) қолданудың табысты мысалдары келтірілген. Зерттеу нəтижелері ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде цифрлық картографияның маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Бұл жер ресурстарын тиімді басқаруға жəне өндірістік үдерістерді оңтайландыруға жағдай жасайды. Ғылыми дереккөздер мен практикалық мысалдарды талдау негізінде ауыл шаруашылығы карталарын жасау əдістемесін жетілдіру, жерді пайдалану жүйесіне инновациялық технологияларды енгізу жəне ауыл шаруашылығында интеллектуалды шешім қабылдау жүйелерін дамыту бойынша нақты ұсынымдар берілген.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Тұрсынғазы, Д.С.

Похожие издания по классификации