
QR-код документа
>28.6
К 21
Карагойшин, Ж. М.
Қазақстан аумағында қазақстан аумағында құндыздың (Castor Fiber) қазіргі кездегі таралуы мен саны [Текст] / Ж. М. Карагойшин, Р. Қ. Анатолий> // «Иванов оқулары – 2024» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдары жинағы . - Орал, 2024. - 10-11 қазан. - Б. 6-8.
Рубрики: Зоология
Кл.слова (ненормированные):
құндыз -- Шағын өзендер -- Жайық өзені -- Батыс Қазақстан облысы
Аннотация: Құндыз-жартылай суда тіршілік етуге бейімделген кеміргіш. Олардың мекендейтін қоныстарының типтері мен жүйесі Хопер қорығында [1], Коми АССР-да [2], Жоғары Печеро бассейнінде [3], Белоруссияда [4] жан-жақты зерттелген. Жайық өзені жағдайында алғаш рет 1997-2000 жылдары жан-жақты зерттеліп, нәтижелері баспа беттерінде жарық көрген. Құндызлардың бір жерде ұзақ тіршілік етуі су режимі мен азық қорына байланысты. Жағасы жайпақ, суы тайыз, қорегі аз мекендерді олар қоныстана бермейді. Көктемгі су тасуы кезінде өзеннің жайылмасындағы ескі арналар мен көлдер суға толған кезде олар уақытша мекендерін орман ішіндегі немесе биіктеу жердегі суларға қоныстанған ауыстырады. Су көп болған жылдары құндызды әртүрлі сулы ойпаттан, тіпті далалық жерлердегі көздерден де кездестіруге болады. Мәселен, Жылбасы селосы маңындағы ескі арна толып, қоныстары тарылған кезде кәмшат ауыл маңындағы үйілген шөп үстіне келіп қоныстанған (қорықшалардың ауызша мәліметі). Алысқа ұзап таралу уақыты да осы көктемгі су тасу уақытына сәйкес келеді. Жазда су тартылған мезгілде құндыз бұрынғы қоныстарына қайтып оралады немесе жаңа қолайлы жерлерде қалып қояды. Мысалы, Қарашығанақ газ кешені маңындағы Тұңғыш елді-мекеніндегі Қоншыбай сайын (Березовка өзенінің саласы) құндыз 1993 жылдан қоныстана бастаған. Су деңгейі өте төмен, әрі Елек өзенінен (40 шақырым) алыста орналасқан. Қазір бұл жерде құндыздың бір қонысы ғана бар. Сол жердегі тұрғындардың айтуы бойынша, бұрын болмаған, тек 1993-94 жылдары су тасуы кезінде келіп қоныстанған. Бұл жерде құндыздың қоректері-терек, ақтал, ақ терек, бұталы талдардың түрлері және шөптесін өсімдіктер мол. Кирсанов қорықшасындағы құндыз мекендері жағалауы ін қазуға өте ыңғайлы жайылма көлдер, өзен салалары және ескі арналар бойы.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Анатолий, Р.Қ.
Похожие издания по классификации