Бұрынғы Жалпақтал ауданы ауылдарының ономастикасы/Мақсотов, Д.Ж.

 

QR-код документа

Оценок: 0

81.2
М 12

Мақсотов, Д. Ж.
    Бұрынғы Жалпақтал ауданы ауылдарының ономастикасы [Текст] / Д. Ж. Мақсотов // Махамбет Өтемісовтің 220 жылдығына арналған «Университет ғылымының жетістіктері мен болашағы» атты 80-ші республикалық ғылыми-тәжірибелі конференциясының материалдары. - Орал, 2023. - 12 сәуір. - Б. 150-153.

ББК 81.2

Рубрики: Языкознание

Кл.слова (ненормированные):
ономастика -- Жалпақтал ауданы -- Ақпәтер ауылы -- Казталов ауылы -- Қараөзен ауылы -- Батыс Қазақстан облысы -- Ержанова Ұлдай Рысқалиевна -- Түркітанушы-топонимистер -- Ақпәтер
Аннотация: Жалпақтал – 1928-1997 жылдары аудан орталығы. Аудан орталығы – Казталов ауылынан шығысқа қарай 60 км. жерде, Қараөзеннің сол жағалауындағы бетеге, боз, ақселеу және әртүрлі астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өсетін шалғынды, қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан. Тұрғыны 5,2 мың адам.Жалпақтал ауданы – 1928-1930 және 1935-1997 жылдары болған Қазақ КСР-нің (1936 ж. дейін – Қазақ АКСР, 1991 ж. бастап – Қазақстан Республикасы) Орал округі мен Батыс Қазақстан облысының (1962-1992 жж. – Орал) әкімшілік бөлінісі. Орталығы – Жалпақтал ауылы (1936 жылға дейін - Сламихино, 1936-1993 жылдары - Фурманово) [1].Аудан қазіргі таңда Казталов ауданы құрамындағы ең үлкен елді мекен. Аймақтың топонимикалық жүйесін зерттеу кезінде аудан құрамындағы бұрынғы Жалпақтал ауданы құрамындағы ауылдардың атаулары бір-біріне ұқсас екенін байқаймыз. Мысалы Қарасу, Қараөзен, Ақкөл, Қаракөл,Ақсуат, Сарықұдық сияқты өзен-көл мен түр-түске қатысты атаулар және Жалпақтал, Көктерек, Талдыапан, Талдықұдық, Қарақоға, т.б. ағашпен байланысты ойконимдер. Кез келген аймақтың топонимикалық жүйесі секілді Казталов ауданы ауылдарының атаулары бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл атаулар жергілікті халықтың шаруашылығы, табиғатпен байланысы, әдет-ғұрпы мен салт-санасына қатысты туындайтыны анық. Атаулардың біріне-бірі өте жақын екенін терең зерттемей-ақ байқауға болады. Дегенмен кей жағдайда атаудың шығу тарихы мүлде бөлек болады. Сол себепті бұрынғы Жалпақтал ауданы құрамында болған Ақпәтер, Қараөзен және Көктерек ауылдары тарихына үңіліп көрейік.
Держатели документа:
ЗКУ

Похожие издания по классификации