СEFR талаптары аясында қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру/Даулеткереева, Н.Ж.

 

QR-код документа

Оценок: 0

81.2
Д 21

Даулеткереева, Н. Ж.
    СEFR талаптары аясында қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру [Текст] / Н. Ж. Даулеткереева // Профессор Отарәлі Бүркіттің лингвистикалық мұрасы, қазіргі қазақ филологиясының парадигмалары: Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Бүркітов Отарәлі Бүркітұлының туғанына 70 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Орал, 2024. - 13 желтоқсан. - Б. 188-190.
ББК 81.2

Рубрики: Языкознание

Кл.слова (ненормированные):
СEFR -- Қазақ тілі -- оқыту әдістемесі -- оқу бағдарламалары -- жалпы реформа -- білім сапасын бағалау -- Мұғалім
Аннотация: Қазақ тілін өзге ұлт аудиториясында оқыту (алдағы уақытта екінші тіл ретінде оқыту) әдістемесін жетілдіру егемендік алғаннан бері әдіскер мамандар талқысынан әсте түспей жүрген өзекті тақырып. Бүкіл ұлттың басын бір аудиторияда қосып, ағылшын тілін тез әрі тиімді меңгертетін Ұлыбритания ғалымдары 1960 жылдары грамма-аударма тәсілінен жаппай бас тартып, тілді үйретудің коммуникативтік тәсілін дамытуға бет бұрған. Нәтижесінде тіл үйренуге тиімді қызмет ететін озық оқыту тәсілдемелері нақтыланып тіл үйретуші мамандар қолданысына берілді. Олар: сөздік қорды меңгерту, Test-teach-test (тест-оқыту-тест), Presentation-practice-presentation (презентация-жаттығу- продукт), Task based learning (тапсырмаға негіздеп оқыту), TPR (қимылды қолданып оқыту) т.б. Осы аталған тәсілдемелер әлемнің әр түкпірінде еңбектеніп жатырған мұғалім мен әдіскерге қолжетімді болуы үшін СEFR-да жете қамтылады (СEFR - тілді үйрену, оқыту, бағалауға қажетті жалпыеуропалық талаптар шегін түсіндіретін сілтемелер жинағы). Алайда орыс және қазақ тілі мамандары арасында СEFR тек ағылшын тілін үйретуге қатысты нұсқаулар берілген құжат ретінде танылған. Шынтуайтына келгенде, бұл еңбектің салмағы өте зор және мазмұны тұрғысынан барлық әлем тілдерін оқытуда басшылыққа алуға жарамды. Үйретілетін бір тіл, адамзаттың тілі. Демек, қандай тіл үйретілсе де, қолдануға жарамды ортақ әдіс-тәсілдер бар. Осыны ескеретін болсақ, СEFR-ды жете оқып танысу көптік етпейді.
Держатели документа:
ЗКУ