База данных: Статьи ППС
Страница 33, Результатов: 339

А 98
Әдістемелік айлық өткізілді [Текст] // Өркен. - 2024. - 26 ақпан. - №2. - Б. 7.
Рубрики: құқық
Кл.слова (ненормированные):
Жоғары мектеп -- инновациялық білім беру технологиялары -- əдістемелік айлық -- Құқық БББ аға оқытушысы -- А.К. Есенгазиева -- оқу-тəрбие үрдісі -- студенттердің қызығушылығы ғылыми жұмыстар мен жобалар -- əкімшілік жаза -- заңдарға енгізілген өзгерістер -- жазадан босату негіздері
Аннотация: Университет деңгейінде «Жоғары мектепте инновациялық білім беру технологияларын қолдану тəжірибесі» тақырыбындағы əдістемелік айлық өткізілді. Құқық БББ аға оқытушысы, з.ғ.м. А.К.Есенгазиева оқу-тəрбие үрдісіне жаңа инновацияық əдіс-тəсілдерді енгізу мақсатында студенттердің білімге деген қызығушылығын, тал- пынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, ғылыми жұмыстар мен жобаларға қатысуда белсенділік таныту үшін, теориялық білімдерін тəжірибеде ұштастыра алу дағдыларын жетілдіру мақсатында жаңа форматтағы оқу процессін ұйымдастыруға арналған «Əкімшілік жаза жəне əкімшілік ықпал ету шаралары» тақырыбында дəріс форматындағы сабақ өткізілді.
Держатели документа:
БҚУ

С 90
Сұраныс пен ұсыныс икемділігі [Текст] // Өркен. - 2024. - 26 ақпан. - №2. - Б. 10.
Рубрики: білім
Кл.слова (ненормированные):
Инновационные образовательные технологии -- Микроэкономика -- З. Янтурсина -- Аopenный урок -- Лаура Ермекбаева -- БҚУ -- Новый метод обучения -- Кездесу -- Платформа Wordwall
Аннотация: Жуырда тарих, экономика жəне құқық факультетінде «жоғары мектепте инновациялық білім беру технологияларын қолдану тəжірибесі» тақырыбында айлық өтті. Əдістемелік айлықтың шеңберінде «бизнес, басқару жəне туризм» БББ аға оқытушысы З. Янтурсина «микроэкономика» пəні бойынша «Сұраныс пен ұсыныс икемділігі» тақырыбына ЭиМ-11 1-курс студенттерінің қатысуымен ашық сабақ өткізді.
Держатели документа:
БҚУ

У 47
«Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» [Текст] // Өркен. - 2024. - 26 ақпан. - №2. - Б. 10.
Рубрики: мәдениет
Кл.слова (ненормированные):
Тәрбие -- Қамқорлық -- Ер жігіт -- Отбасы -- Жаңабек Жаңабайұлы -- Жылқы кəсібі -- Айдос Бейбітұлы -- Қамшы өру -- Садақ ату -- Ұлттық құндылық -- ҰқыптылықҰл тəрбиесі
Аннотация: Университет көлемінде «Ұлттық құндылықтар – тəрбиенің түп қазығы» тақырыбы аясындағы айлық жоба 2025 жылдың 11 ақпанында тарих, экономика жəне құқық факультетінде жалғасты. Алғашқы іс-шара бизнес, басқару жəне туризм білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен «Ұл тəрбиесі- ұлт тəрбиесі» тақырыбында танымдық–шебер сағаты өткізілді.
Держатели документа:
БҚУ

П 49
Полиция қызметінің жұмысымен танысты [Текст] // Өркен. - 2024. - 26 ақпан. - №2. - Б. 11.
Рубрики: құқық
Кл.слова (ненормированные):
М.Өтемісов атындағы БҚУ -- Құқықтану бағдарламасы -- ЮР-31, 33, ПД-33 топтары -- Орал қалалық ПБ -- Патрульдік полиция батальоны -- Сабит Калиоллиев -- Ашық есік күні -- Полиция қызметіне шақыру -- Қызметке орналасу талаптары -- Тәртіп сақшыларының жұмысы -- Қызметтік көліктер
Аннотация: 3 ақпанда Батыс Қазақстан университетінің, «Құқықтану» бағдарламасының ЮР-31, 33, ПД-33 топтарының студенттеріне Орал қалалық ПБ Патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары, полиция капитаны Сабит Калиоллиев «Ашық есік» күнін ұйымдастырды.
Держатели документа:
БҚУ

Г 94
Ғұбай, А.
Инсайт әдісі [Текст] / А. Ғұбай // Өркен. - 2024. - 26 ақпан. - №2. - Б. 16.
Рубрики: білім
Кл.слова (ненормированные):
Инсайт әдісі -- Ашық сабақ -- Өздігінен білім алу -- Белсенді іздену / ойлау қабілеттерін дамыту -- Дербес білім алу Оқыту әдістері -- Қазақтар шежіресі -- YouTube каналы -- Survio, LearningApps, Epic Pen платформалары -- Шешім қабылдау дағдылары -- Жасанды интеллект
Аннотация: 2025 жылдың 03.02-28.02 аралығында Тарих, экономика жəне құқық факультетінде «Жоғары мектепте инновациялық білім беру технологияларын қолдану тəжірибесі» тақырыбында ұйымдастырылған əдістемелік айлықтың шеңберінде ҚР тарихы кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., аға оқытушы А.С.Байбулсинова, оқытушы, магистр А.С. Ғұбай «Қазақстанның ортағасырлар тарихы» пəні бойынша «Инсайт» əдісімен 6В01601 Тарих БББ бойынша Ист-21 топ білім алушыларымен ашық сабақ өткізілді.
Держатели документа:
БҚУ

З-12
Заңәділұлы, Н.
Алтын орданың мемлекеттік идеологиясы ретінде ясауи ілімі (Қытай зерттеулері негізінде) [Текст] / Н. Заңәділұлы, Б. Сайфунов // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №1. - Б. 285-302.
Рубрики: История
Кл.слова (ненормированные):
Алтын Орда -- Ислам діні -- Берке хан -- Өзбек хан -- Кубравийа тариқаты -- Ясауи тариқаты -- Ұлы жосық (Ұлы заң)
Аннотация: Алтын Орда - Жошы ұлысы негізінде құрылған мемлекет. Алтын Орда мемлекетінің хандарынан алғашқы болып Берке хан Ислам дінін қабылдады. Өзбек хан тұсында Ислам діні мемлекеттік дінге айналды. Тарихи тұрғыдан қарасақ, Алтын Орда мемлекетінің исламдану үдерісі мемлекеттік деңгейде өте жүйелі түрде жүзеге асырылды. Бұл үдерісте сопылық бағытты ұстанатын Хорезм мұсылмандарының рөлі ерекше болған. Алайда Қожа Ахмет Ясауи (1041-1166) [1; 2; 3] негізін қалаған Ясауи тариқаты маңызды рөл атқарды. Алтын Орда хандары Ислам дінін мемлекеттік дін етіп, Ясауи мектебінің ұстанымдарын мемлекеттік идеологияға айналдыру арқылы тұтас Жошы ұлысының бірлігін қамтамасыз ете алды. Ясауи ілімін ұстану арқылы көшпелі тұрмыс-салт Исламмен үндесіп ұлыстың негізін құрайтын моңғол-қыпшақ руларының қолдауына ие болды. Алтын Орда мемлекетінің ұзақ уақыт өмір сүруінің және Жошы әулеті билігінің Алтын Ордадан тарған хандықтарда да Ясауи ілімі сәулесін шашып тұрды. Көркейген ислам мәдениетімен Ясауи жолын ұстануының арқасында Алтын Орда мемлекеті парсы, орыс және тағы басқа мәдениеттерге жұтылмай түркілік реңін сақтап қалды. Мақалада Берке хан мен Өзбек хан дәуіріндегі тарихи үдерістер кеңінен қарастырылып, олардың билігі тұсында қалыптасқан саяси, діни және мәдени жетістіктерге назар аударылады. Әсіресе, Ясауи ілімін ұстану Алтын Орда мемлекетінің дамуына тигізген ықпалы ерекше атап өтіледі. Мақалада тақырыбымызға қатысты қытай зерттеулеріне айрықша мән беріліп, осы тақырыпқа қатысты қытай тарихшыларының еңбектері егжей-тегжейлі талданған. Сонымен қатар, салыстырмалы талдау әдісі қолданылып, Берке хан мен Өзбек хан дәуіріндегі исламның таралуы, құқықтық жүйенің өзгеруі және мәдени алмасу үдерістері салыстырылып сипатталады. Бұл тәсіл тарихи деректердің объективтілігін қамтамасыз етіп, Алтын Орда тарихын тереңірек түсінуде жаңа ғылыми көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Сайфунов, Б.

Р 95
Рыскалиева, Э. Е.
Қазақстанның геосаяси жағдайы (Каспий маңы аймағы) [Текст] / Э. Е. Рыскалиева // «Иванов оқулары – 2024» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдары жинағы. - Орал, 2024. - 10-11 қазан. - Б. 204-208.
Рубрики: География
Кл.слова (ненормированные):
география -- геосаяси -- трансұлттық кооперация -- экспорттаушылар -- Каспий маңы -- геоэкономика -- мұнай қорлар -- Қазақстанның энергетика
Аннотация: Қазақстан өзінің геосаяси жағдайына және Еуразия орталығында болуына байланысты көлік жолдарының қиылысы рөліне толық құқықпен ие бола алады. Осы және басқа да бірлескен жобалар мен бағдарламалардағы әртүрлі елдердің ынтымақтастығы жаңа тәуелсіз мемлекеттерді әлемдік экономикалық байланыстарға қосудың қажетті шарты болып табылатыны, олардың экономикаларының тұрақты және тұрақты дамуы үшін алғышарттар жасайтыны, мемлекетаралық және ішкі проблемаларды шешуге пайдалы әсер ететіні сөзсіз. Екінші жағынан, осы аймақтардағы мемлекетаралық ынтымақтастық пен трансұлттық кооперация әлемдік стандарттар бойынша тек қарқын алуда, сонымен қатар КСРО ыдырағаннан кейінгі толық емес он жыл ішінде ынтымақтастықтың сәттілігі мен тұрақтылығы шешілуіне байланысты болатын қиындықтар мен проблемалар туындады. Қазақстан ішкі және өңіраралық интеграцияны ілгерілетуге ұмтылады. Өңірлік әріптестік тұрғысынан Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы және басқа да құрылымдар шеңберінде Каспий маңы мемлекеттерімен тығыз ынтымақтасады
Держатели документа:
ЗКУ

А 92
Ата заң - асыл мұраттар бастауы [Текст] // Өркен. - 2025. - 30 мамыр. - №5. - Б. 2.
Рубрики: Политика
Кл.слова (ненормированные):
Ата заң -- Батыс Қазақстан университеті -- Тарих, экономика және құқық факультеті -- Құқық білім беру бағдарламасы -- Қазақстан Республикасы Конституциясы
Аннотация: М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің "Тарих, экономика және құқық" факультетінде "Құқық" білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай "Ата заң - асыл мұраттар бастауы" атты дөңгелек үстел оздырылды
Держатели документа:
ЗКУ

Н 11
Нұрғалиева, С.
Ерлікке тағзым [Текст] / С. Нұрғалиева // Өркен. - 2025. - 30 мамыр. - №5. - Б. 4.
Рубрики: Библиотечное дело
Кл.слова (ненормированные):
Ғылыми кітапхана -- Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс -- 80 жыл -- Кеңес Одағының батыры -- Бауыржан Момышұлы -- 115 жыл -- Мереке -- жауынгерлер -- офицерлер -- ардагерлер
Аннотация: Ғылыми кітапхананың тарих, экономика және құқық факультетінің оқу залында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және жазушы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған «Ерлікке тағзым» атты патриоттық іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әпкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналды.
Держатели документа:
ЗКУ

И 50
Иманбаева, А.
Атазаң - елдігіміздің берік негізі [Текст] / А. Иманбаева // Өркен. - 2025. - 30 қыркүйек. - №8. - Б. 15.
Рубрики: Политика
Кл.слова (ненормированные):
Атазаң -- тəуелсіз Қазақстан -- Конституция -- саясат -- Құқықтық мемлекет
Аннотация: 2025 жыл – тəуелсіз Қазақстан тарихындағы айтулы бе- лес. Биыл еліміздің басты құжаты – Конституциямызға 30 жыл. Атазаңымыздың 30 жылдығы барша қазақстандықтар үшін үлкен маңызға ие. Атазаңымыз – елдіктің айнасы, тəуелсіздіктің тірегі, мемлекетіміздің саяси-құқықтық іргетасы. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев: “Біз заң үстемдігі, əділдік жəне жалпыға бірдей мүмкіндік қағидаттарын ұстанып, Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Еліміздің əрбір жауапты азаматының реформаларды іске асыруға белсене қатысып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосатын кезі келді. Конституцияда белгіленген демократия құндылықтары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасы дамуының нақты стратегиялық бағдарын айқындайды.
Держатели документа:
ЗКУ
Страница 33, Результатов: 339