Электронный каталог

База данных: Статьи

Страница 7, Результатов: 128

Отмеченные записи: 0

66.74
П 12

Павлова , Н.
    Әлемді әдемі ету әйелдің қолында [Текст] / Н. Павлова // Oral oniri. - 2020. - 3 наурыз. - №17. - Б. . 8-9
ББК 66.74

Рубрики: Движение и организации женщин

Кл.слова (ненормированные):
мейрам -- Елдәулет шаруа қожалығы -- Бибігүл Жұмағұлова -- ПМК-117 ЖШС басшысы Ольга Ивановна Попова -- 8 наурыз - Әйелдер мерекесі -- ПМК-117 - "Ақбұлақ" мемлекеттік бағдарламасы -- Николай Некрасов -- Қызыл шұнақ аяз (Мороз, красный нос) -- Гүлдер әлемінің ханымы -- Улановтар әулеті -- Зеленстрой кәсіпорны -- халықаралық әйелдер күні -- Е.Уланова
Аннотация: Жаны нәзік болғанымен, бір бойына қажыр-қайраты, ерік-жігері жетерлік нәзікжандылар шаңырақ шаттығын еселеп қана қоймай, туған елінің көркеюі жолында да аянбай тер төгіп жүр. Заман ағымына орай қазіргі таңда ер мен әйелдің мамандығы деп бөлу, аражігін ажырату жоқ. Әркім жаны қалаған кәсіпті жанына серік етуде. Соған сәйкес әр салада еңбек етіп, айтарлықтай жетістікке жеткен "йелдер саны да артты. Жалпы, нәзікжандылар қауымы құрылыстан бастап, кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет, өнер жолы, әлеуметтік әр алуан салада жетістікке жетіп жүр. Күлімдеп жеткен көктем меркесіне орай біздің өңіріміздегі мақтаулы маман, аяулы жар, абзал аналардың бірқатары өздерінің жетістікке жету жолдарымен бөлісіп, ізгі лебіз, ақ тілектерін арнайды.
Держатели документа:
БҚМУ
Доп.точки доступа:
Беккалиева , А.
Курарару , Л.

Павлова , Н. Әлемді әдемі ету әйелдің қолында [Текст] / Н. Павлова // Oral oniri. - 2020. - 3 наурыз. - №17.- Б. 8-9

61.

83(5каз)
Н 72

Ноғайбаева , М.
    Қазақтың 17 ханы хақында [Текст] / М. Ноғайбаева // TURKISTAN. - 2020. - 27 ақпан. - №8. - Б. . 7
ББК 83(5каз)

Рубрики: Литературоведение

Кл.слова (ненормированные):
монографиялық еңбек -- қазақ хандары туралы -- Берекет Кәрібаев -- Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі -- өмір-тарих -- хандық билік -- жаңа кітап -- оқырман -- Абай Құнанбайұлы-175 жыл -- зерттеулер
Аннотация: ХV ғасырдың ортасында тарих сахнасына шыққан ұлттық сипаттағы мемлекет - Қазақ хандығының дербес, тәуелсіз ел ретінде өмір сүрген кезеңі ХVІІІ ғасырдың басына дейін жалғасты. Осы кезеңдегі Қазақ хандығының даму белестерін шартты түрде қалыптасу кезеңі, күшею, әлсіреу, ұайта өрлеу, "текетірес жылдары", жоңғарлармен алғашқы күрестер, "белгісіз жылдар", "алтын ғасыр" деп бөлуге болады.
Держатели документа:
БҚМУ

Ноғайбаева , М. Қазақтың 17 ханы хақында [Текст] / М. Ноғайбаева // TURKISTAN. - 2020. - 27 ақпан. - №8.- Б. 7

62.

80
О-53

Олжабай , С.
    Жемқорлық - жегі құрт [Текст] / С. Олжабай // Жалын . - 2020. - №3. - Б. 14-20
ББК 80

Рубрики: Филологические науки

Кл.слова (ненормированные):
мемлекет саясаты-ұлттық қауіпсіздік -- өмір -- ақиқат -- Алматы қаласы -- Аркен Әбдіғани
Аннотация: (Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек…) Өмірдің ақиқатын шарқ ұрып іздегенде хакім Абайға соқпай өте алмаймыз. Жан жарасы жазылмай кеткен ұлы ақын бойымыздағы барлық мінді қаз-қалпында бүкпесіз айтып кеткен ғой. Сондықтан ба, кезінде ащы шындықты шімірікпей айтқан абыз ақынды айналасындағылар, айналасында болғанда жақындары жабылып жұдырықтады. Данышпан сонда да айтарынан қайтқан жоқ. Сонда ол өз халқың жек көргеннен осыны айтты ғой деймісіз. Жо-жоқ, қателесесіз, «қайтсем, халқымның бойындағы қыңыр мінезді, жалқаулығын, арамдығын, өсекқұмарлығын, бекерден бекер мал шашатын шайпау әдетін, маңғаз мақтанқорлығын, сарыжамбас жа-тыпішерлігін бойларынан сылып тастаймын» деп жанталаспады ма? Сонда түзелген қазақ қайда? Ғұламаның ғибаратты өсиеттерін құп көріп, дұрыс, таза жолға түскені қайда? Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек, Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек. Арамдықтан жамандық көрмей қалмас, Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек,- деп аһ ұрды ары тыныш таптырмаған ақын. Иә, шөлмек мың күнде емес, бір-ақ күнде сынып, жайрап қалмақ. Біздің сырты бүтін, іші түтін кейбір шенеуніктеріміз былайғы жұртқа сырбаз, салмақты көрінуге тырысып баққанымен, қалтарыстағы қойыртпақтары ақтарылып қалып, ел-жұртқа масқара болып жатыр. Осылай бетпердесі сыпырылып, өздерінің шынайы өмірдегі шындығын әйгілеп, бір-ақ күнде қасықтап жинаған абыройларын шелектеп төгіп алады. Сөзуарлығымыз ұстап кетіп немесе әлдекімге қыр көрсеткіміз кеп қыжыртып отырғанымыз жоқ. Абай атаға сүйеніп сөз сабақтағанда санаға салмақ түсірген сорақылықтар көзге шалынған соң шарасыздықтан шырылдап отырған жай бар. Енді сөзіміз шындықтан шығандап кетпеу үшін әңгімемізге тұздық іздеп көрелік. Күні кеше Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті ҚР Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппе-ляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Рақымбаевтың сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті. Бұл жөнінде ҰҚК ресми өкілі Аркен Әбдіғани мәлімдеді. Күдікті сотталушының жазасын жеңілдететуге көмектескені үшін елеулі мөлшерде пара алған. Бүгінде оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 366 бабы 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Былтырғы 11 желтоқсан күні Сарыағаш ауданындағы мамандан-дырылған әкімшілік сотының судьясы көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, шетел азаматтарына жағдай жасағаны әшкереленді. Алматы қаласында аудандық соттың төрағасына қатысты іс қозғалғаны белгілі болып отыр. Халықтың соңғы үміті сот деген тұжырым қалыптасқан. Ал, сол соңғы үміттің жалғанар жері былғанышты болса шағымданушылар, жәбір-жапа көрушілер енді кімге барады? Мұндайда дана қазақ «Ет сасыса тұз себесіз, тұз сасыса не себесіз?» деп түңілмей ме? Расында, бұл түңілетін-ақ жағдай. Түңілдіретін, толғандыратын, ті-тіркендіретін түйткілдер тасқындай түсуде. Айталық, адам жанының арашашысы деп ардақтап, Алладан кейінгі құтқарушымыз деп сеніп жүрген ақ желеңді «абзалдарымыз» өміріңізді саудаға салса, кімнен үміт күткендейсіз? Шымкент қаласындағы №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Доңбаев мақтаулы-ақ жан еді. «Алтын қолды дәрігер» атанып жүрген бұл азамат халықаралық қылмыстық топқа қосылып, адам-дардың бүйрек, бауырын алмастырып келген деген күдікке ілікті. Бұл жөнінде ҚР Ішкі істер министрлігінің департамент бастығы Санжар Әділов хабарлады. Ал, Шымкенттегі балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері мемлекет қаржысын (20 миллион) жымқырды деген айыппен үйқамақта отыр. Кешегі Кеңес үкіметі тұсында «милиция-қорғаным» деп ұранда-тушы едік. Бүгінде «полиция-парақорым» деп тіліміз күрмеліп тұр. Мәселен, осыдан бірер жыл бұрын Түлкібас аудандық ішкі істер бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары ауызбастырыққа 200 мың теңге алып жатқаны үстінде қолға түсіп, оқасына дақ түсіріп алды. Осы іспен сыбайлас учаскелік инспектор қашып кеткен. Ал Шымкент қаласындағы Қаратау аудандық ішкі істер бөлімінің үш бірдей капитаны есірткі бизнесімен айналысып жүрген қылмыскерді құрықтап, оны жауапкершіліктен құтқарып жіберу үшін 5 мың АҚШ долларын сұраған. Әл-Фараби аудандық ішкі істер бөлімінің майоры 10 мың теңге алып жатқаны үстінде қолға түсті. Шымкент қалалық полиция департамені өзіндік қауіпсіздік басқармасының жедел уәкілі сотталды. Оған сот шешімімен 8 миллион теңге айыппұл салынған. Оның азаматтық патрульдік бекетте жұмыс істейтін сержанттан тиісті «қамқорлық» жасау үшін ааляқтық жолмен 400 мың теңге пара алғаны және газ тапаншасын заңсыз ұстағаны туралы айтылады. Ал, Атырау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Қайралдапов ұсталған. Әскерилердің де құлқыны жаман болмай тұр. Мәселен, жуырда Қорғаныс министрлігінің жоғары шенді генералы ұсталды. Оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен аталған министрліктің қызметкерлері қол-ға түсірген. Ол қарамағындағы қызметкерлердің лауазымын өсіріп, қамқорлық жасап отыруы үшін елеулі көлемде пара алған көрінеді. Ақтөбе облыстық қорғаныс жөніндегі департамент басшысы, полковник Ғалымжан Жантөрин әскери-техникалық мектепке курсанттар қабылдауда көз қысты, бармақ бастыға барғаны үшін күдікті ретінде қолға түсті. Әскери прокурор Мейіржан Қашымжанов осы мектептің үш қызметкері бұдан бұрынырақ істі болғанын айтып отыр. Былтыр ҚР Ішкі істер министр-лігінің орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы, полковник Исабеков қолға түскен. Батыс Қазақстан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы да құрықталған деседі. Жемсауы жыбырлап тұратын жебірлер арасында әкімдердің, басқа да лауазым иелерінің жиі кездесетіні ойландырмай қоймайды. ҚР Энер-гетика министрінің орынбасары Ғани Сәдібеков курортты қалалардағы көлдерді тазартуға бөлінген қаржыны үптегені үшін сотты болғаны белгілі. Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынов туралы жайсыз хабар тарады. Оның көмекшісі Төлеген Бәстенов 9 миллион теңге пара алып жатқан жерінде құрықталған. Көп уақыт ұзамай Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов құрықталды. Оның не бүлдіргенін тергеу қорытындысынан соң білеміз. Былтыр Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсәуле Саулауоваға қатысты шу шықты. Ол мектеп асханаларына жеткізілуі тиіс жиһаздарды саудаға салған. Осы жиһаздарға 34 миллион теңге қаралған екен. Соның 5 миллион теңгесіне орынбасардың көзі түскен ғой. 2016-2019 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасына бөлінген қаражаттан 10 миллион теңгені қымқырған білім басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев пен оның орынбасары Роза Қабдулова ұсталғаннан кейін Нұрсәуле ханым өз еркімен қызметінен кетіп еді. Жуырда Нұрсәуле Сайлауова 2 жылға, Роза Қабдулова 4 жылға шартты түрде сотталды. Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары да алдыңғы жылы ұятқа қалып еді. Енді Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында аудан әкімі ұсталды деген хабар тарады. Былтырғы қазан айында Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округінің әкімі үй құрылысына жер телімін бергені үшін 500 мың теңге аламын деп құрықталды. Ал, Шымкент қаласындағы әл-Фараби аудандық әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы сауда жасауға рұқсат беру және кәсіпкерлік қызметке қолдау көрсету үшін бір азаматтан 65 мың теңге аламын деп от басып қалды. Павлодар облысы Қалқаман ауыл-дық округінің әкімі бас маманмен бірігіп, әкімдік ғимаратына төлем терминалдарын қою бойынша келісім-шарт жасасу кезінде 50 мың теңге пара алған. Алматы облысы Байсерке ауылдық округі әкімінің бұрынғы орынбасары қызметін асыра пайдаланған. Атырау облысында аудан әкімінің орынбасары мен құрылыс бөлімінің басшысы мердігерді бопсалап, пара алғаны үшін сотты болды. Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімі 300 мың теңге пара алғаны үшін 23,4 миллион теңге айыппұл төлеп құтылған. «Казпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалының басшысы Б.Пірәлі біреуді жұмысқа орналастырамын деп басы бәлеге қалды. Оны Тараз қаласы №2 соты мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырып, 7,5 миллион теңге айыппұл салды. Таяуда Шығыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешенді табысты етеміз деген шенеуніктер 35 миллион теңге парамен ұсталды. Олар мол қаражатты сүт арасына жасырған. Флягтан сарылдап төгілген сүт арасынан кленкаларға мұқият оралған бума-бума теңге түскенде аспаннан шұға жауғандай таңырқамаған пенде қалмады. Ақтау қаласында Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық қадағалау жөніндегі комитеті қалалық инспекциясы басшысы да нысанға алынып отыр. Оның көп мөлшерде пара алғаны белгілі болған. Былтыр Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлық фактілерімен 73 адам ұсталған. Оның 15-і жымқыру, біреуі қызметін асыра пайдалану, 57-сі парақорлық дерегі ретінде тіркелген. Осы сияқты мысалдарды тізе беруге қалам ұшы да шыдамай бара жатқандықтан, осы жерден үзуге тура келеді. 2019 жылдың 20 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев-тың төрағалығымен сыбайлас жем-қорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткені белгілі. Осы кеңесте Президент: -Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен екі мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс тіркеледі. Мыңнан астам адам жауапқа тартылады. Бұл-батпандап кіріп, мысқылдап шығатын кесел. Осы ауруды шұғыл түрде емдемесек, ертең кеш болуы мүмкін, – деп жебірлер мен жегіштердің жолын кесу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Қоғам дертіне айналған бұл кеселдің жолын кесу оңай болмай тұр. Қазір оған қарсы шаралардың бірі ретінде жемқорлық жайлы хабарлаған адамдарды ынталандыру шаралары көзделініп отыр. Мәселен, сіз біреудің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетін байқасаңыз және оның ұсталуына көмек берсеңіз соттың айыптау қорытындысынан соң сыйақы ретінде пара сомасының 10 пайызын аласыз. Бірақ, жуаннан жонып , жіңішкеден жырымдап жеген жырыңдылар сізге оңайлықпен жан алдырар ма? Жемсауы жалмауыз жандарды ұстап берем деп жүріп, құрдымға жұтылып кетпейсіз бе? Өйткені, берерменнің қашан да беделі басым, құрығы ұзын. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің бір жолы ретінде шенеуніктерді түрме тынысымен таныстыру басталып та кетті. Мұндай шаралар Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында көрініс тапты. Десек те, түрменің тыныс-тіршілігімен танысқандардың ішкі тыйымы қаншалықты нәтижелі болатыны алдағы күндердің енші-сінде. Еліміздің экономикалық және қоғамдық ахуалына жемқорлық көп мөлшерде залалын тигізеді. Сондықтан онымен күрестің бұдан да басқа тиімді, ықпалды жолдарын қарастыруымыз керек-ақ. Жебірлердің күздің күні ағаштардан құлаған жапырақтай тым көбейіп кетуін оларға қолданылатын жазаның тым осалдығынан көретіндер де бар. Мысалы, Мәжіліс алдында сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов жемқорлыққа қолданатын жазаның жеңіл екенін айтып, дабыл қақты. Олар түрлі жолдармен жазаларын мерзімінен бұрын өтеп шығады. Екіншіден, алған парасының елу еселенген көлемінде айып төлеп, түрме табалдырығын аттамай-ақ тайраңдап шыға келеді. Осыдан барып жемесе жұтқыншақтары жыбырлап тұратын жебірлер «е, ұстап алса, құтылудың жолы оңай екен ғой» деп арқаны кеңге салады. Мемлекеттік қызметке қайта орала алмаса, жымқырғандарының бір бөлігіне бизнес ашып алады. Біріккен Ұлттар Ұйымы 2003 жылдан бері 9 қаңтарды халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні деп белгілеп, атап өтіп келеді. Әлем болып парақорлыққа қарсы күресті күшейтуге күш салып жатқанда Румыния үкіметі Қылмыстық кодекске түзетулер енгізіп, Айды аспанға бірақ шығарды. Министрлер Кабинетінің осы өзгерістерді мақұлдағаны тұрғындардың ашу-ызасын тудырған. Өйткені, қабылданған нормативтік құжат алаяқтық пен жемқорлық әрекеті үшін жауаптылардың бос-тандыққа шығуына жол ашады. Қабылданған құжатқа зейін салайық. 48 мың доллардан төмен пара алған азаматтарды бас бостандығынан айырудың қажеті шамалы екен. Бухарест қаласында 50 мыңға жуық адам рақымшылық шарасы мен заңға өзгеріс енгізуге қарсылық ретінде шеруге шыққанымен, Румыния үкіметі заңды қабылдап жіберген. Олар бұл әрекетін сыбайластықпен түрмеге түскендердің шамадан тыс артып кетуімен түсіндірген. Ақырында, жұртшылықтың жаппай ереуінен қаймыққан үкімет өзгерістер енгізуден бас тартып барып, елді тыныштандырған. Біздің елде де парақорлармен пәрменді күрес жалғасып келеді. Бұл жөнінде тиісті Заңдар да қабылданды. Бірақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткендей, жең ұшынан жалғасатындар көбеймесе, азаймай отыр. Шенділердің алдына мәселесін шештіріп алу үшін баратындар көп. Бүгінде қызметке «көкесіз» кіре алмайсыз. Жұмысқа тұрудың басқа да кедергілері көп. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресудің бірнеше жолдары бар. Мәселен, Грузияда шенеуніктердің санын 3 есеге азайта отырып, жалақысын 3 есеге көбейткен. Ал, Сингапур билеушілері 1952 жылдан бері сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу Бюросы арқылы жұмыс істеп келеді. Бюро мемлекеттік шенеуніктер арасындағы жемқорлыққа қатысты жағдайларды тексеріп, тиісті органдарға қажетті шараларды қолдану үшін хабарлап отырады. Қытай мемлекеті парадан бас тарту бойынша «тай-цзи» сабақтарын енгізген. Әрине, әр елдің салты басқа. Бәлкім, олардың тәжірибелері бізде оң жамбасқа келе қоймайтын да шығар. Ең бастысы Сананың тазалығында. Сана тазармай-қоғам тазармайды. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықтың зияны мен зардабы туралы отбасыдан бастап мемлекеттік қызметкерлерге дейін саналарына сіңдіре сабақ өту керек шығар. Тағы да данышпан Абайға жүгінуге тура келеді. Абыз ақын не деп еді? Тыңдайық. Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек, Періште төменшіктеп, қайғы жемек. Өзімнің иттігімнен болды демей, Жеңді ғой деп шайтанға болар көмек,–деп ойлы ақын бекер күйінді ғой деймісіз. «Өзімнің иттігімнен болды» деп бармақ тістейтін ұяты барлар көбейгенде ғана жұлындағы жегіқұрт жұлынып түспек. Ар, Намыс, Ұят ұялаған жер қашанда асылзат күйінде таза тұрмақ. Ендеше бізге Ар сабағы, Намыс сабағы, Ұят сабағы керек-ақ. Бұл сабақтарды ешбір дана, ұлағатты ұстаз адамдардың кеудесіне күштеп ендіре алмайды. Әр адам өзіне-өзі ұстаз бола білгенде, жүрегін таза ұстағанда ғана, ұят оянады. Ендеше, әр кеудеде шындық шамы, намыс оты сөнбесін деп тілейік. Сонда бізді ешбір шайтан жеңе алмайды…
Держатели документа:
БҚУ

Олжабай , С. Жемқорлық - жегі құрт [Текст] / С. Олжабай // Жалын . - 2020. - №3.- Б14-20

63.

63(5каз)
М 92

Мусин, М.
    Тарихы терең қара шаңырақ. [Текст] / М. Мусин // Орал өңірі. - 2021. - №19. -9 наурыз. - Б. . 7
ББК 63(5каз)

Рубрики: Тарих

Кл.слова (ненормированные):
Жәңгір хан -- Орынбор -- мектеп -- Бөкей ордасы
Аннотация: Әбілқайырдың шөбересі , Нұралы ханның немересі, Бөкейдің бел баласы Жәңгір Бөкей ордасының соңғы ханы. Ол Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде жатып , еуропаша білім алған , халықты басқарудың әдіс-тәсілдерін ерте үйренген. Жәңгір ел билеген 22 жылда өңірде көптеген реформа жүзеге асқан. Өз сарайында мазмұнды кітапхана ұстап, қару-жарақ бөлмесін жасақтаған.
Держатели документа:
БҚУ

Мусин, М. Тарихы терең қара шаңырақ. [Текст] / М. Мусин // Орал өңірі. - Орал, 2021. - №19. -9 наурыз.- Б. 7

64.

63
К 11

Кәрібаев, Б.
    Қазақтың XVII ғасыдағы белгісіз ханы [Текст] / Б. Кәрібаев // Қазақ тарихы. - 2020. - №2. - Б. 7-9
ББК 63

Рубрики: История

Кл.слова (ненормированные):
Есім ханұлы -- Жәнібек хан -- қазақ хандығы тарихы -- мәдени мұра -- тарих -- деректер
Аннотация: Қазақ хандығы тарихындағы ең аз зерттелген және шешілмген түйіндері мен жұмбақтары көп ғасырға - XVII ғасыр жатады
Держатели документа:
БҚМУ

Кәрібаев, Б. Қазақтың XVII ғасыдағы белгісіз ханы [Текст] / Б. Кәрібаев // Қазақ тарихы. - 2020. - №2.- Б.7-9

65.

74.200
Б 12

Бақаш, Е
    Әйел-күллі тіршіліктің бастауы... [Текст] / Бақаш.Е // Өзін-өзі тану=Самопознание.kz. - 2017. - №3. - Б. 10-11
ББК 74.200

Рубрики: Тәрбие теориясы мен әдістемесі

Кл.слова (ненормированные):
өмір -- әйел -- сүйіспеншілік -- ана -- махаббат -- Назарбаева -- елбасы -- Отан -- Албания -- Польша
Аннотация: Әйел-күллі тіршіліктің бастауы.Бүгінде бар баланың анасына айналған,еліміздің бірінші ханымы-Сара Алпысқызы Назарбаева негізін қалаған "Өзін-өзі тану"-рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы кең қанат жайып,жалпыадамзаттық құндылыққа айналды.
Держатели документа:
БҚМУ

Бақаш, Е Әйел-күллі тіршіліктің бастауы... [Текст] / Бақаш.Е // Өзін-өзі тану=Самопознание.kz. - 2017. №3.- Б.10-11

66.

74.200.51
Е 84

Есқали, Баян
    Өзін-өзі тану-өмірді тану [Текст] / Баян Есқали // Өзін-өзі тану. - 2020. - №4-6. - Б. 5-6
ББК 74.200.51

Рубрики: Педагогика

Кл.слова (ненормированные):
конференция,пандемия,халықаралық форумы,өмір салтын еркін таңдай алу
Аннотация: Бұл мақалада еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызының бастамасымен білім беру үдерісіне енгізілген рухани-адамгершілік тәрбиеге күш берген "Өзін-өзі тану" бағдарламасы осы рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып,жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыруды қолдайтындығы айтылған
Держатели документа:
М.Өтемісов атындағы БҚУ

Есқали, Баян Өзін-өзі тану-өмірді тану [Текст] / Баян Есқали // Өзін-өзі тану. - 2020. - №4-6.- Б.5-6

67.

86
Ш 19

Шамахай, С.
    Шыңғысхан: тәңірлік сенім мен толеранттылық [Текст] / С. Шамахай, Ғ. Есім // Вестник КазНУ им. аль-Фараби = Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi. - Алматы, 2018. - №3(65). - Б. 53-67
ББК 86

Рубрики: Религия

Кл.слова (ненормированные):
Шыңғысхан -- тәңірлік -- шаманизм -- «Мәңгі Аспан» -- дін -- толеранттылық -- тарихи шығармасы -- Жамиғат ат тауарихы -- Түрік шежіресі -- Моңғолдың құпия шежіресі -- философия -- герменевтика
Аннотация: Мақалада көшпенділердің сонау шумерлер заманынан бері сабақтасып келе жатқан мыңдаған жылдар тарихы бар Тәңірлік дінінің ХІІІ ғасырдағы ахуалы мен Шыңғысхан ықпалымен Мәңгі Аспан (Тәңірі) ретінде даму ерекшелігі, оның жасаған діни-философиялық тұжырымы, дінге деген толерантты қатынасы жайлы талданады. Шыңғыс хан заманында моңғолдардың тәңірлік нанымына өзгерістер енгізілді. Мәселен, тәңірлік дінінде жұмақ пен тозақ ұғымдары болмады. Алайда олардың сауап жинауға талпынысы тек Шыңғыс ханның арнайы шақыртуымен келген Әулие Чан Чунның үгіттеуімен құдайлық іліммен байланысты туындады. Бұл кезеңде моңғолдардың діни көзқарасы өзінің биік шыңына жетіп, мәңгі аспанның монотеистік сенімін құрды. Шыңғыс хан тәңірлікті негізге ала отырып, Мәңгі Аспан (Тәңір) идеясын теория дәрежесінде қорытып, қолдана білді. Ол Көкте – Мәңгі Аспан (Тәңірі), Жерде – Қаған қағидасын қалыптастырды. Қағида бойынша Аспан (Тәңір) әлемдегі шексіз ерік, биліктің жалғыз Құдайы. Ол өзінің шапағатымен Қағанды қолдайды. Қаған тәңір атынан билік етіп, аспан жарлығын жер бетіне жүзеге асыруға міндетті. Қаған өз парасатының, харизмасының көмегімен аспан қалауына, шапағатына бөлене алады. Жоғарыда бір аспан тәңірі болса, жерде бір ғана қаған болуға тиіс. Яғни, моңғол ханы «Күн шығыстан күн батысқа дейінгі аспан астындағы барша елді басқаруға тиіс» – еді. Сонымен қатар, Шыңғысхан діни толеранттылықты ұстанды. Ол либералды заң нормаларын қалыптастырды. «Барлық діндер бірдей құрметке лайық, бірақ олардың бірде-бірі үстемдік ете алмайды» деген талап болды. Бұл талап Шыңғыс хан дүниеден өткен соң да, ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасып, жалғасын тапты. Шыңғыс ханның кіші ұлы Толуйдың жұбайы ақын, мемлекеттің ірі саясаткері Сорқақтани бегім, Мөңке хан бұл ережені өз өмірінің қағидасы етеді. Мақалада Шыңғыс ханның тұжырымдары мен қағидаларын дәлелдеу үшін дереккөздер ретінде «Моңғолдың құпия шежіресі» атты тарихи шығармасы, Рашид ад диннің «Жамиғат ат тауарихы», Әбілғазы ханның «Түрік шежіресі», Шығыс және Батыс елдерінен Шыңғыс ханның арнайы шақыртуымен келген, оның көзі тірісінде кездесіп, жүздескен және кейінгі тақ мұрагерлерімен тікелей қарым-қатынаста болған әулие, ойшыл, қайраткер, саяхатшылардың (даостық монах Чан Чун, Елуй Чуцай, Пэн Дай мен Сюй Тин, монах Джовани дель Плано Карпини, елші Гильом де Рубрук, венециялық көпес Марко Поло) жол жазбалары алынды. Мақаланың мақсаты тәңірлік діннің Шыңғыс хан заманындағы дамуы мен өзгерісі, Шыңғыс ханның діни ұстанымы, сабақтастығы туралы деректер бойынша компаративистикалық, мәдени-философиялық талдау жасау. Талдау барысында Мәңгі Аспан (Тәңір) сеніміне қатысты тың ойлар мен пікірлер ұсынылды. Тақырыпты талдау барысында гуманитарлық және философиялық білімдерде кеңінен қолданылатын, тарихилық пен логикалықтың өзара байланысы, тарихи-компаративистикалық, абстрактылықтан нақтылыққа өту, жалпыдан жекеге өту, герменевтика іспетті тәсілдердің бірлігі қамтылады.
Держатели документа:
БҚМУ
Доп.точки доступа:
Есім, Ғ.

Шамахай, С. Шыңғысхан: тәңірлік сенім мен толеранттылық [Текст] / С. Шамахай, Ғ. Есім // Вестник КазНУ им. аль-Фараби = Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi. - Алматы, 2018. - №3(65).- Б.53-67

68.

81.2-8
А 13

Əбділəшімұлы , Д.
    Уәли Хан хаттарының тілдік сипаты [Текст] / Д. Əбділəшімұлы , Д. Нода // Вестник Казахского национального университета имени Аль-Фараби=Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi. - Алматы, 2018. - №4. - Б. 12-20. - (Серия филологическая=Филология сериясы)
ББК 81.2-8

Рубрики: История письма

Кл.слова (ненормированные):
Уәли хан -- саяси өмірі -- хаттар -- дерекнамалық-лингвистикалық талдау -- тілдік сипаты -- лингвистикалық талдау -- филологиялық талдау -- тарихи талдау -- Тарихи мәтіндер -- құжаттар -- Қазақ мұрағат құжаттары -- Транскрипциясы -- филология -- тіл білімі
Аннотация: Мақалада қазақ ханы Уәлидің жасаған дәуірі, саяси өмірі, дипломатиялық қатынасы туралы сөз болады, 1780 жылдары Ресейдің жергілікті әкімшілігіне жазған хаттары деректану, лингвистика тұрғысынан сарапталады. Хаттың ескі жазба тілдегі аударма нұсқасы мен оған қатысты жазылған манжуша, қытайша мәлімдемелерге тарихи деректемелік сараптама жасау арқылы тарихи астары, тілдік ерекшелігі көрсетіледі. Қазақтың хан, сұлтандарына қатысты жазылған тарихи кітаптар, ескі қазақ жазба тіліндегі мұрағат құжаттары мен дереккөздер негізінде мәтіндер лингвопрагматикалық тұрғыдан талданады. Тарихи мәтіндер ұлттық мәдениеттің бөлігі, жекелеген тарихи тұлғалардың өмірінен дерек беретін ақпарат көзі ретінде сипатталады. Хаттардың түпнұсқасы сол тұстағы орысша аудармасымен салыстырылып, онда кеткен кейбір ағаттықтар көрсетіледі. Одан да маңыздысы алғаш рет хаттардың түпнұсқасы латын графикасымен транскрипцияланып, қазіргі қазақ тіліне аударылады
Держатели документа:
БҚМУ
Доп.точки доступа:
Нода , Д.

Əбділəшімұлы , Д. Уәли Хан хаттарының тілдік сипаты [Текст] / Д. Əбділəшімұлы , Д. Нода // Вестник Казахского национального университета имени Аль-Фараби=Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi. - Алматы, 2018. - №4.- Б.12-20

69.

63.3(5КАЗ)
H69

    Historical manuscript of the kazakh Khan Aliakbar [Текст] / T. A. Apendiyev [et al.] // Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан = The bulletin of the National academy of sciences of the Republic of Kazakhstan. - Almaty, 2018. - №2. - Р. 116-119
ББК 63.3(5КАЗ)

Рубрики: История Казахстана

Кл.слова (ненормированные):
навершие знамени -- бунчук -- штандарт -- рукопись -- генеалогия -- казахские ханы -- места захоронения -- хан алиакбар -- рукописная книга
Аннотация: В семье Б. Т. Амре (г. Шымкент. Казахстан) храниться металлическое навершие знамени. Сопоставление с известными данными о восточных знаменах позволяет считать что данное навершие является завершающей частью древка бунчука (штандарта) казахского хана Алиакбара. У других потомков Алиакбара хранится старинная рукопись, состоящая из 86 страниц. Рукописная книга обозначена как «Кисса дастан Чингиз хан». Она была написана Абд Рахим Узканди в городе Туркестане в 1228/1813 г. по заказу ‗Али Акбар султана сына Карабаш Мухаммад султана. «Кисса дастан Чингиз хан» представляет новый источник по истории казахских ханств, особенно интересны сведения о генеалогии, о месте погребения казахских ханов, о связи хана Тауке с исфаганским правителем. Хранящаяся рукописная книга является первой из известных нам сочинений написанных по заказу казахского правителя.
Держатели документа:
ЗКГУ
Доп.точки доступа:
Apendiyev, T. A.
Kozha, M. B.
Zhandarbek, Z. Z.
Satov, E. Zh.
Tulekova, M.

Historical manuscript of the kazakh Khan Aliakbar [Текст] / T. A. Apendiyev [et al.] // Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан = The bulletin of the National academy of sciences of the Republic of Kazakhstan. - Almaty, 2018. - №2.- Р.116-119

70.

Все поступления за 
Или выберите интересующий месяц