База данных: Статьи ППС
Страница 7, Результатов: 63
Отмеченные записи: 0
61.

Подробнее
85.31
М 92
Мухамбетжанова, А. А.
Мұхит Мералыұлының әншілік стилі [Текст] / А. А. Мухамбетжанова // «Педагогтің кәсіби шеберлігі» Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының арасында өткізілген республикалық байқаудың жинағы. - Орал, 2024. - Б. 169-173.
ББК 85.31
Рубрики: Музыка
Кл.слова (ненормированные):
Ренессансын әкелді -- Мұхит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы -- «айдай» әндер -- «миксолидийлік» лад -- диапазоны ундецима -- мажорлық гексахорд -- регистр -- өлеңді-аспаптық стиль -- аймақтық стиль -- эпикалық серпініс -- қолдың ритмикалық әдісі -- төкпе күй қағидасы -- орама қағыс -- қара қағыс -- түйдек қағыс -- айдай қағыс -- ілме қағыс -- алма кезек қағыс -- теріс қағыс -- суырып салма негізгі -- ауызша-кәсіби мектеп
Аннотация: Қазіргі заман уақыты дәстүрлі орындаушы ұлттық қазақтың музыкасын қаз-қалпында бұзбай, өз бойына дәстүрлі музыка мәдениетінің рухани және эстетикалық құндылықтарды сіңірумен қатар нота мен еуропалық классикалық музыкасының мүмкіндіктерін білетін маман болуын және де оның қазіргі заманауи мәдениетінің әр түрлі қызмет формаларына бейімделуін қажет етеді. Мәдениеттің әр түрлі саласында өздерін көрсете алатын кәсіби тұлға тәрбиеленуі тиіс. Қазақ халқының діні мен тілі, салт-дәстүрі бір бола тұра, ұлттық музыка өнерінде рухани мұрасының байлығын дәлелдей түсетін бірнеше аймақтық орындаушылық дәстүрлер бар екені белгілі. Ғасырлар бойы сабақтастығын жоймай келген мазмұны мен формасы жалпыхалықтық, жалпы қазаққа тән, бірақ бір-бірінен орындаушылық стилі, мәнері өзгеше болып қалыптасып, Жетісу, Арқа, Батыс Қазақстан әншілік мектептеріне бөлінеді. Қазақ ән өнерінің «алтын ғасыры» болып саналатын 19-ғасырда шырқау шыңына жеткен ауызша-кәсіби мәдениетімізде бастауын тереңнен алатын дәстүрлі ән өнерінің бірі - Мұхит сал есімімен байланысты. Мұхит әншілік стилін үйреніп саралауда өте қарапайымнан күрделілікке бірте- бірте ауысу. Әншілік мектептегі домбыра сүйемелі мен қағыс қостау түрлерінің ерекшелігін ескеру. Дем қолдану әдістерімен дауыс ерекшеліктерінің өлшемі жайлы мағлұмат беру. Шәкірттің есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту және әншілік өнерге құштарлығын, ынтасын арттыруға ықпал ету
Держатели документа:
ЗКУ

62.

Подробнее
81.2
А 52
Алтай, А. А.
Қазіргі ғылым парадигмасындағы «лингвистикалық интеллект» ұғымы [Текст] / А. А. Алтай, А. М. Абызова, Б. Ж. Каримова // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №1. - Б. 87-100.
ББК 81.2
Рубрики: Языкознание
Кл.слова (ненормированные):
интеллект -- лингвистикалық интеллект -- вербалды интеллект -- тілдік операциялар -- коммуникация -- риторика -- металингвистикалық аспект
Аннотация: Ғылыми мақалада «лингвистикалық интеллект» ұғымының қазіргі ғылым кеңістігіндегі орны мен зерттелу мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – «лингвистикалық интеллект» терминінің ерекшеліктері, қалыптасуы және оның ішкі құрамдас компоненттерін айқындау болып табылады. Жаһандану мен цифрлық өркениет ықпалының артуына байланысты жеке тұлғаның лингвистикалық әлеуетін арттыру өзекті мәселеге айналды. Адамның ақыл-ой қабілетінің айқын көрінісі саналатын бұл ұғымды түбегейлі зерттеп, лингвистикалық интеллектіні қалыптастыру және дамыту, жүзеге асу формаларын белгілеу, басты тілдік операцияларға сипаттама беру арқылы негізгі ғылыми міндет жүзеге асады. Зерттеу әдістемесіне лингвистикалық интеллект ұғымын нақты айқындауға мүмкіндік беретін лексикографиялық анализ, концептуалды саралау мен құрылымдық модельдеу тәсілдері кіреді. Зерттеліп отырған құбылысқа отандық және шетелдік ғалымдардың берген тұжырымдамалары мен бақылауларына сүйеніп оның басты белгілері анықталды. Сондай-ақ соңғы зерттеулер қорытындысы лингвистикалық интеллектінің дербес ерекшеліктерін көрсетіп отыр. Ұсынылған модельдер мен сызбалар нақты ғылыми дәлелдемелерді саралау нәтижесінде қалыптасты. Негізгі тұжырымдар лингвистикалық интеллектінің қазіргі уақытта жіті зерделеуді қажет ететін тұжырым екендігін дәлелдеді. Зерттеу тіл біліміне үлес қоса отырып, тың түсінік арқылы жаңа ғылыми нәтижелер алуға болатынын айғақтайды. Жұмыстың практикалық мәні лингвистикалық интеллекті ұғымының ерекшеліктеріне назар аудара отырып оны қалыптастыру мен дамыту мәселесін белгілеумен айқындалады.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Абызова, А.М.
Каримова, Б.Ж.

63.

Подробнее
83
С 11
Сұлтанғалиева, Р. Б.
Мемуарлық прозадағы шығармашыл тұлғаның көркем бейнесі: ой әлемі және портреттер типологиясы [Текст] / Р. Б. Сұлтанғалиева, А. Т. Ибатолла // БҚУ хабаршысы. - 2025. - №1. - Б. 107-119.
ББК 83
Рубрики: Литературоведение
Кл.слова (ненормированные):
проза -- мемуар -- автобиография -- мемуар -- роман -- күнделік -- естелік мемуар
Аннотация: Зерттеудің мақсаты – қазақ әдебиетіндегі мемуар жанрының ерекшеліктерін айқындау, мемуарлық шығармаларды зерделеу, шығармалардың тілі мен табиғатына тоқталу. Мемуар жанрында жазылған шығармалардың баяндау бірлігін талдау, көркем бірлік тұрғысынан зерделеу. Бұл мақалада қазақ әдебиетіндегі мемуарлық жанрдың табиғаты туралы сөз қозғалады. Қазақ әдебиетінде мемуарлық жанр ерте дами бастады. Өз алдына бөлек жанр ретінде өзіндік типологиясымен ерекшеленетін бұл жанрдың тарихы өте ертеден, Орхон-Енисей жазбаларынан бастау алған. Мақалада мемуарлық жанрдың формалары мен жазылу түрлеріне қарай талдау жасалады. Мемуарлық жанрдың түрлеріне естелік, автобиография, естелік мемуар, хат, күнделіктер жатады. Автордың баяндауына қарай мемуарлық жанрдың ерекшеліктерін байқауға болады. Кейбір шығармаларда үзік-үзік естеліктер жазылса, ал кейбіреуінде балалық шағынан бастап автор өзі тоқтаған өмірінің кезеңіне дейін жазады. Өмірінің соңына дейін жазу не жазбауды автор өзі шешеді. Өмірінің белгілі бір кезеңіне дейін жазуды жөн көруі де мүмкін. Мемуарлық шығармалар арқылы біз сол замандағы халық мұраты мен ұлт тағдырын, халық үнін ести аламыз. Тарих жалпылама жазылатын болса, мемуарда біз жеке бір тұлғаның өзіндік ойы мен өзіне аян шындығын білеміз. Мемуар жанры жалаң баяндаудан тұрмайды. Олай болса, оқырманды еліктіре алмас еді. Баяндау шеберлігі, образды жасау тәсілдері, характерді ашатын диалогтар құруы, мінездеме мен портреттерді жазу жолдары ерекше рөл ойнайды. Мемуарлық шығармалардың ішіндегі М.Мағауин, Ә.Нұршайықов, Қ.Жұмаділов сынды жазушылардың романдарындағы шығармашыл тұлғаның бейнесі талқыланады. Аталған авторлардың өзіндік қолтаңбалары мен жазу стильдері айқындалады. Шығармаларға арқау болған өмір шындығы мен көркемдік ізденістері, автор мен кейіпкер өзара байланысы танылады. Мемуарлық жанр мен тарихи романдардың аражігі айқындалады. Мемуарлық шығармада тарихты берудің, шындықты жеткізудің көркемдік тәсілдері, автордың қалай жүзеге асырғандығы жайлы сөз болады.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Ибатолла, А.Т.