База данных: Статьи
Страница 9, Результатов: 95
Отмеченные записи: 0
81.

Подробнее
83
А 50
Әлиман, Ж.
Екі теңіз [Текст] / Ж. Әлиман // Егемен Қазақстан. - 2024. - 17 шілде. - №136. - Б. 9.
ББК 83
Рубрики: Әдебиеттану
Кл.слова (ненормированные):
Сағи Жиенбаев -- Жұмекен Нәжімеденов -- ақын -- теңіз
Аннотация: Сағидың жырларындағы сыршыл лириканы қазір емге таппауыңыз мүмкін. Сананы техника билеп барады ғой өйткені. Әу баста темірден сескенген адамзат баласы. Мыстан кемпір, жез тырнақтар сияқты мыс, темірден құйылған жаратылыстар түбіне жетерін сезгенін аңғару қиын емес. Тұрмыс техникаға тәуелденген сайын сананың да солай қарай ауарын айтып жатпайық. Ал оңаша отырып Сағи Жиенбаевты оқысаң, ішің жылып қалады.
Держатели документа:
ЗКУ

82.

Подробнее
83
А 50
Қазығұл, Ш.
Жанашыр жетекші-Жұмабек [Текст] / Ш. Қазығұл // Егемен Қазақстан. - 2024. - 23 шілде. - №140. - Б. 9.
ББК 83
Рубрики: Әдебиеттану
Кл.слова (ненормированные):
Жұмабек Кенжалин -- Әдебиет
Аннотация: Табандылық теоремасы. Күні кеше ғана еді... Бірінші курстың алғашқы апталары өтіп жатты. Жаңа ортаға сіңісіп үлгермеген кезіміз. Аудиторияда бір-бірімізге жатырқай қараймыз. Бірақ елдің әр қиырынан жиналған қаламының желі бар қатарластарымның арасынан өңі де келісті, ойы да салмақты осы бір жігіт көзіме оттай басыла берді.Орнықтылығы мен ойлылығы анадайдан білінетін оның жанының гравитациялық күші басқаларды бірінші күннен өзіне магнитше тартатынын да аңғардым. Десе де, өз басым жақынырақ танысуға дәтім бармады. Мысы басып тұратындай. Калай болғанда да, жылына елу бала ғана қабылдайтын Қазақстандағы жалгыз факультетке әупіріммен түсін, «тәубемді» аузымнан сагат сайын тастамай жүрген мен гана емес, Жукене елдің бәрі қызығып қарайтын.

83.

Подробнее
78
С 14
Садырқан, Д.
Артық білім кітапта [Текст] / Д. Садырқан // Қазақ әдебиеті . - 2024. - 23 тамыз. - №33. - Б. 20.
ББК 78
Рубрики: кітапхана
MeSH-не главная:
Кл.слова (ненормированные):
Кітапхана -- ауыл кітапханалары 100 кітап -- Қасым-Жомарт Тоқаев -- Абай облысы Мақаншы ауданы Ақшоқы ауылдық кітапханасы -- ақын-жазушылардың шығармалары -- Кітап
Аннотация: Кітапхана – мәдени ошақтың төресі, «білімдінің мыңды жықтыруы» үшін жаттықтыратын рухани майдан. Дегенмен шалғайдағы ауыл кітапханаларына мемлекет тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбейтінін аңғару қиын емес. Бұл мәселе аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл жұртшылығына баса назар аудару керегін айтқан болатын. Президент Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек», – деді. Осыған сәйкес, «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» атты акция ұйымдастырылды. Аталмыш акцияның басты мақсаты– шалғайдағы ауыл кітапханаларына жаңадан жарық көрген туындыларды табыстап, жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту.
Держатели документа:
БҚУ

84.

Подробнее
83
С 16
Салғараұлы, Қ.
Нағыз тұлға туралы толғаныс [Текст] / Қ. Салғараұлы // EGEMEN QAZAQSTAN. - 2024. - 3 қазан. - №191. - Б. 10
ББК 83
Рубрики: Әдебиеттану
MeSH-не главная:
Кл.слова (ненормированные):
Нұртас Оңдасынұлы -- ғылым
Аннотация: Жалпы, бізде тұлғатану – әлі күнге шешімін таппай отырған күрделі мәселе. Мұның солай екенін осыдан екі жыл бұрын, есімі еліне танылған көп зиялының бірі де емес, замандастары ерен еңбегін айрықша бағалап, «ұлт ұстазы» деп танып, даралаған, оны халқы құп көріп солай қабылдаған, бірдің бірегейі Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың 150 жылдық мерейтойының кіндік қаны тамған туған өңірінде, әлгі карияларымыз айтатын: «жетім қыздың тойындай» деңгейде өткенінің куәгері ретінде өзіміз де анық аңғарғандай болып едік. Арада тағы екі жыл өткенде, биыл халқымыз ардақты азаматым деп ерекше құрмет тұтқан тағы бір аяулы перзенті – Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынның (дұрысы: Нұртас Оңдасынұлы Дәндібай болуы керек. – Қ.С.) 120 жылдығы республика бойынша атап өтілетіні хабарланып, содан бері өткен тоғыз айдың ішінде мерзімдік баспасөз бетінде осыған байланысты жарияланған бірнеше мақаланы оқығаннан кейін көзіміз одан әрі жете түскендей болды. Өз мүмкіндігімізге қарай сұрастырып көргенде, біз сөйлескен жастардың көбісі Нұртас Оңдасынұлының кім екенін білмейтін болып шықты. Ал «білем» дегендерінің таным-түсінігі: «кешегі өткен кеңестік дәуірде қазақ үкіметін басқарған көп басшылардың бірі болса керек» дегеннен аспады.

85.

Подробнее
63.3-8
К 76
Көшербаев, Қ.
Дегдар [Текст] / Қ. Көшербаев // EGEMEN QAZAQSTAN. - 2024. - 12 қыркүйек. - №183. - Б. 7
ББК 63.3-8
Рубрики: Персоналии государственных и общественно-политических деятелей
MeSH-не главная:
Кл.слова (ненормированные):
Әбіш Кекілбайұлы -- ақын -- жазушы
Аннотация: Сонау есте жоқ ескі замандардан бастау алып, апайтөс алып мекеніміздің ең басты құндылығына айналған серттей ауыр сұрақ бар. Бейтаныс екі адам кезіккенде жөн білісіп, таныс болған соң, екі елдің ұланы бір-бірінен «еліңде кімің бар?» деп сұрайтын. Бұл алдымен елдің елдігін, ұлыстың бірлігін аңдатып, жұрт жақсысын қалай қадірлейтінін аңғартады. Ал сөздің түп-төркінінде халықтың сапасы, елдің айбыны туралы түсінік жатқаны түсінікті. Өйткені елдің келбетін тұлғалар қалыптастырған.

86.

Подробнее
83(5каз)
Ә 62
Әмірбекова, А.
Қадыр ағаның көркем тілі [Текст] / А. Әмірбекова // Ana tili . - 2025. - №2.- 9 қаңтар. - Б. 9
ББК 83(5каз)
Рубрики: Әдебиеттану
Кл.слова (ненормированные):
қазақтың көркемсөз шебері -- суреткер ақын -- ақын Қадыр Мырза-Әли а -- 90 жыл -- Ана тілі -- Гүлге құндақтайды -- қиял кілемінде ұшырады -- жыр қанжығасына құлжа ілдіреді -- жібек желдей есілтеді
Аннотация: Биыл қазақтың көркемсөз шебері, суреткер ақын, шыншыл ақын, лирик ақын Қадыр Мырза-Әли ағамыздың 90 жылдық торқалы мерейтойы. Бүгінгі «Сөзқоржын» айдарымыз Қадыр Мырза-Әли ағаның көркемдік әлемін таныстыруға арналады. Қадыр аға – өмірдің рақаты мен қаталдығын, қызметтегі адалдық пен арамдықтың, достықтың беріктігі мен сұйықтығын, махаббаттың тәтті де ащы сезімін, туған жердің табиғатын өлең сөздің нәзік иірімдерімен тұшындыра білетін кемеңгер ақын. Қадыр ақынның сөз қуаты мынада: ол оқырманын «гүлге құндақтайды», «қиял кілемінде ұшырады», «жібек желдей есілтеді», «жыр қанжығасына құлжа ілдіреді», «мөп-мөлдір көздің жасын сөзге айналдырады», кейде «қаны аққан қанатын сабалатады», «сөз сүңгісін түйретеді», «шындық аулынан теріс аудырады», «жақсының сыртынан соятындардың арызына қол қойдырады», «ұлы өмірдің астарын ұғындырады», «тағдырдың ұзын қамшысын ұстатады», кейде тіпті «абақтының тұрғыны етеді». Сөзден сурет салу деген осы болар! Айтылмақ ойды көркем өлеңмен бейнелеудің шебері Қадыр ағаның бейнелі сөзорамдарынан оның көркемдік талғамының биік екенін, эстетикалық санасының жоғары екенін, ұшқыр қиялының шексіз екенін, сезімі мен оқырманына деген ілтипаты пәк екенін аңғарамыз. «Мен халықтың градуснигімін!», «Сегіз қырлы заводпын», «Болу керек біршама әпенделік, бөлең емес, өлеңнің емшегімін», «Табиғаттың бір бөлшегімін» деп жырлаған Қадыр ағаның өмірге құштарлығынан әрбір оқырман қуат пен ынта алары сөзсіз.

87.

Подробнее
83(5каз)
Д 12
Дәдебаев, Ж.
Абай және ислам мәдениеті [Текст] / Ж. Дәдебаев // Qazaq adebieti. - 2025. - №4.- 31 қаңтар. - Б. 8-9
ББК 83(5каз)
Рубрики: Әдебиеттану
Кл.слова (ненормированные):
Абайдың шығармашылығы -- Ақын өлеңдері -- қара сөздері -- сенім -- ұстаным -- адам туралы ілімі -- Мұса пайғамбар -- Құранның қағидалары -- Абай ілімі
Аннотация: Абайдың шығармашылығында өмір шындықтары, оларды тану мен бағалау, іштің сыры мен тыстың қыры терең көрініс тапқан. Ақын болмыстағы шындық құбылыстарды суреттеп, көрсетіп қана қоймайды, олардың мәнісін дәстүрлі дүниетаным тұрғысынан түсіндіреді, бағалайды, насихат етеді. Сол қат-қабат, көп қырлы, күрделі шындық құбылыстарды ақынның дәстүрлі дүниетаным жүйесінде жинақтауы мен саралауы, пайымдауы мен бағалауы ізгі, игілікті қағидалардың қалыптасуына алып келді. Ол қағидалар ақынның дәстүрлі дүниетаным құндылықтарына негізделген көзқарасының ерекшелігін ашады. Олар махаббат пен ғадауат, әділет пен әділетсіздік, жақсылық пен жамандық секілді ұғымдарға қатысты анықталады. Абай адамның ойы мен адамзат қоғамының бойындағы әділетсіздіктің, жамандықтың себебін ақиқатты тани алмаумен, жақсы мен жаманды айыра білмеумен, білімсіздікпен байланысты түсіндіреді. Ал адамның ойы мен ісінің әділетін ақылдың кемелдігімен, білімнің тереңдігімен байланыстырады. Енді осы түсініктің түбіне үңілгенде, ақын ойының желісі ілгеріде жасаған ғұламалардың, халықтың дәстүрлі дүниетанымының ақыл, қайрат, жүрек туралы қағидаларымен ұштасатыны аңғарылады.

88.

Подробнее
83(5каз)
К 21
Қартабаева, А.
Жиырма төрт жыл жырлаған жүрек [Текст] / А. Қартабаева // Ana tili . - 2025. - №6.-6 ақпан. - Б. 11
ББК 83(5каз)
Рубрики: Әдебиеттану
Кл.слова (ненормированные):
Жиырма төрт жыл жырлаған жүрек -- ақын -- Ұлбике ақын -- өмiр жолы -- айтыстар -- Күдерiқожа -- Таспақожа Көшекұлы
Аннотация: Қазақтың бiртуар ақын қызы Ұлбике ақынның өмiр жолы мен туған жерi туралы мәліметтер түрлі зерттеулерде әртүрлi жазылып келедi. Көп зерттеуші ел аузында айтылып жүрген әңгiмелер мен ақынның айтыстарын талдау арқылы Ұлбике ақынның туған жерiн нақтылай түсуге талпынған. Бiрiншiден, ақын өлеңдерiнен оның өмiр сүрген жерiн, сол заман бейнесiн айқын аңғаруға болады. Мұрағаттағы бiр деректе «XVII–XVIII ғасырларда қазiргi Шiркейлi өңiрiнде негiзiнен қожалар, ал Қараөзек өзенi бойында негiзiнен Орта жүз бен Ұлы жүз рулары тұрған. Қазiр де солардан жалғасқан ұрпақтар тұрып жатыр. Олар бұл өңiрге сол «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тұсында келiп орнықса керек» деген уәж айтылады. «Ауылы аралас, қойы қоралас» болғандықтан, жастары шамалас қыз бен жiгiттiң кездесiп, әзiлдесуi, содан барып қыз бен жiгiттiң айтысы басталғаны анық.

89.

Подробнее
83(5каз)
А 13
Әбдезұлы, Қ
Сүйінбайдың жыраулық және дастандық дәстүрі [Текст] / Қ Әбдезұлы // Qazaq adebieti . - 2025. - №6.- 14 ақпан. - Б. 11
ББК 83(5каз)
Рубрики: Әдебиеттану
Кл.слова (ненормированные):
Сүйінбай ақынның жырлары -- Мырзатай Жолдасбеков -- Сүйінбайдың өлеңдері -- толғаулары -- Тезек төремен айтысы -- дастандары
Аннотация: Көрнекті әдебиеттанушы ғалым, профессор Мырзатай Жолдасбеков Сүйінбай ақынның жырларының поэтикалық қуатына кең тоқтала келіп, төмендегідей баға беріпті: «Сүйінбай – қынаптағы қылыш, аспаннан түскен жасын, ескен қызыл жел, жүйріктей жалын тараған, күніне шауып жараған, айтысқанды шаңына көмген жүйрік; айтысқанның басынан өлең жаудырып, миын шайқалтқан жырдың бораны, қияқты сұңқар. Сүйінбай жырларынан оның алмастай өткірлігі де, шайқалған жорғалығы да, тұлпарлығы да, даңғыл жыраулығы да айқын көрінеді» (М.Жолдасбеков. «Асыл арналар», – Алматы, «Жазушы», 1986. – 153–154-бб.). Төгілте жазуды әу дегеннен қаламына дарытқан фольклорист ғалымның Сүйінбайдың тұтас шығармашылығына әділ бағасын беріп қана қоймай, оның өзі тұстас, замандас басқа ақындардан артықшылығын, әсіресе жыраулық поэзиясының құдіреті мен қасиетіне, олардың тарихи-танымдық құндылығына айрықша мән беретінін аңғарамыз.

90.

Подробнее
83
Г 15
Ғалым, Қ.
Шахтада шыңдалған шайыр [Текст] / Қ. Ғалым // EGEMEN QAZAQSTAN. - 2025. - 14 ақпан. - №30. - Б. 11.
ББК 83
Рубрики: Әдебиеттану
Кл.слова (ненормированные):
Жұмекен Нәжімеденов -- ақын -- жазушы -- қазақ поэзиясы -- Қарағанды шахталары -- «Қан мен тер» романы
Аннотация: Иә, әдебиетсүйер қауым әңгіме қазақ поэзиясының бір биігіне айналған Жұмекен Нәжімеденов жөнінде екенін бірден аңғарған да шығар. Жиырма бір жасында Қазақ елінің әнұранын жазған жауһар жырдың иесіне биыл тоқсан жыл толады. Онымен қоса осы жылды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Біз осы жайларды ұштастыра отырып, ақынның Қарағанды облысы мемлекеттік архивінің алтын қорында сақтаулы тұрған жұмыс картасын оқырман назарына ұсынбақпыз.