База данных: Статьи
Страница 61, Результатов: 607
Отмеченные записи: 0
601.

Подробнее
74
Д 20
Дарынды білім алушыларды дамытудағы мектептер мен университеттердің желілік өзара əрекеттесу модельдерін талдау [Текст] / А. М. Утилова, Б. Т. Аушахманова, А. А. Жакупов, С.Ж. Кабиева // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №2. - Б. 48-61
ББК 74
Рубрики: Педагогика
Кл.слова (ненормированные):
дарынды білім алушылар -- желілік өзара əрекеттесу -- білім беру қызметтерін трансферлеу -- білім беру экожүйелері -- педагогикалық технологиялар -- интегративті тəсіл -- білім беру модельдері -- білім беруді цифрландыру -- мектептер мен университеттердің өзара əрекеттесуі
Аннотация: Мақалада дарынды білім алушыларды дамыту контекстінде білім беру қызметтерін трансферлеу жəне заманауи педагогикалық технологиялар негізінде мектептер мен университеттердің желілік өзара əрекеттесу модельдеріне талдау жасалған. Зерттеудің мақсаты – тиімді өзара əрекеттесу модельдерін анықтау жəне оларды жүзеге асырудың интегративті тəсілін əзірлеу. Зерттеудің əдіснамалық негізі контент-талдау, ғылыми жарияланымдарды талдау, кейс-стади жəне сараптамалық бағалауды қамтитын аралас тəсілге негізделді. Зерттеуге 8–12 білім беру ұйымы мен 15–25 сарапшы қатысты. Модельдерді бағалау интеграция деңгейі, білім алушылардың белсенділігі, технологияларды қолдану жəне білім беру нəтижелері сияқты критерийлер бойынша жүргізілді. Нəтижесінде ресурстық, жобалық, серіктестік жəне цифрлық төрт модель түрі анықталды. Ең жоғары тиімділік білім беру қызметтерін трансферлеудің белсенді формаларына негізделген модельдерде байқалатыны анықталды. Сонымен қатар, тиімділік модельдің құрылымына ғана емес, білім алушылардың оқу іс-əрекетінің сипатына да байланысты екені көрсетілді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы трансферлеудің желілік өзара əрекеттесу тиімділігін қамтамасыз ететін негізгі тетік ретінде негізделуімен айқындалады. Практикалық маңызы алынған нəтижелерді білім беру бағдарламаларын əзірлеуде жəне мектептер мен университеттер арасындағы өзара əрекеттесу модельдерін құруда қолдану мүмкіндігімен байланысты.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Утилова, А.М.
Аушахманова, Б.Т.
Жакупов, А.А.
Кабиева, С.Ж.

602.

Подробнее
74.266.3
И 85
Исабек, М. Қ.
Репрессияланған əйелдер тарихын оқытудың ғылыми-педагогикалық моделі (Оңтүстік Қазақстан мысалында) [Текст] / М. Қ. Исабек, Г. Д. Сугирбаева, Г. Ж. Орынбасарова // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №2. - Б. 62-74
ББК 74.266.3
Рубрики: Тарихты оқыту әдістемесі
Методика преподавания истории
Кл.слова (ненормированные):
репрессия -- əдістеме -- педагогика -- модель -- тарих -- Оңтүстік Қазақстан -- ғылым -- оқыту -- əйелдер тарихы
Аннотация: Мақалада репрессияланған əйелдер тарихын оқытудағы ғылыми-педагогикалық модельдің мақсаты, құрылымы жəне ғылыми негізіне талдау жасалады. Репрессия тарихы, саяси қудалауға ұшыраған əйелдердің тағдыры Оңтүстік Қазақстан өңірі мысалында қарастырылады. Негізгі дереккөз ретінде өңірлік архив, музей деректері, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия материалдары мен жекелеген зерттеушілердің еңбектері қарастырылған. Зерттеудің негізгі өзектілігі мектепте тарих пəнінен репрессияланған əйелдер тарихын оқытуда оқушылардың тарихи санасын, танымдық белсенділігін жəне зерттеушілік қабілетін арттырудың моделін ұсыну, тəжірибеден өткізу. Бұл модель негізінде репрессияланған əйелдердің өмір жолы мен қоғамдағы орнын, қайраткерлік қызметін оқушыларға оқу бағдарламасына кіріктіру арқылы жүзеге асырылады. Зерттеу барысында тарихи деректерді іріктеу, оларды тарих пəні бойынша оқу бағдарламасына кіріктіру жəне тиімді оқыту əдістері ұсынылады. Ғылыми-педагогикалық модель білім алушылардың сыни ойлауын дамытуға, тарихи фактілерді талдауға бағытталған. Мақалада тарихи-деректік, тарихи-салыстырмалы, интерактивті оқыту əдістері мен жалпығылыми модельдеу əдісі тиімді қолданылған. Аталған əдістерді кешенді түрде қолдану репрессияланған əйелдер тарихын оқытудың ғылыми-педагогикалық моделін құруға мүмкіндік береді. Ұсынылған модель тарихты оқытуда жаңа əдіс-тəсілдерді енгізуге мүмкіндік беріп, репрессияланған əйелдер тағдырын терең түсінуге жағдай жасайды.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Сугирбаева, Г.Д.
Орынбасарова, Г.Ж.

603.

Подробнее
63.3(5Қаз)
С 60
Солтүстік Қазақстанның əскери жəне азаматтық отарлану тарихынан [Текст] / М. З. Утегенов, А. Т. Шукеева, Т. А. Уалиев, К. Б. Алибеков // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №2. - Б. 200-210
ББК 63.3(5Қаз)
Рубрики: Қазақстан тарихы
Кл.слова (ненормированные):
Солтүстік Қазақстан -- Ақмола облысы -- қонысаудару саясаты -- қонысаударушылар -- этникалық топтар -- отарлау саясаты -- көшпелі тұрғындар -- отырықшы тұрғындар -- қалалар -- ауылдар
Аннотация: Мақалада Солтүстік Қазақстан аумағындағы əскери жəне азаматтық отарлау үдерістерінің тарихи динамикасы мен олардың аймақтың этнодемографиялық құрылымына ықпалы кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу Ресей империясының қазақ даласын игерудегі стратегиялық тəсілдерін талдауға негізделіп, отарлау саясатының екі негізгі бағытын – əскери-казактік экспансия мен шаруаларды қоныстандыру арқылы жүзеге асқан аграрлық отарлауды – өзара сабақтастықта зерделейді. Авторлар əскери бекіністердің, шептік жүйелердің жəне казак станицаларының құрылуы империялық биліктің əкімшілік-институционалдық орнығуының басты құралы болғанын көрсетеді. Ал XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы жаппай қоныс аудару саясаты Солтүстік Қазақстанның этникалық құрылымын түбегейлі өзгертіп, аймақты полиэтникалық кеңістікке айналдырды.??Зерттеуде 1897 жылғы Бүкілресейлік халық санағының материалдары, Ақмола облысының статистикалық шолулары, Ф. Щербина экспедициясының деректері мен архивтік құжаттар кеңінен пайдаланылып, халық санының динамикасы, этникалық құрамдағы өзгерістер жəне қоныс аудару ауқымы талданады. Сонымен қатар, жер қатынастарының қайта бөлінуі, қазақтардың дəстүрлі көшпелі шаруашылығының дағдарысы жəне əлеуметтік-экономикалық трансформациялар мəселелері қарастырылады. Зерттеу нəтижелері Солтүстік Қазақстандағы отарлау үдерістерінің аймақтың тарихи дамуына ұзақ мерзімді ықпал еткенін айқындайды.??
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Утегенов, М.З.
Шукеева, А.Т.
Уалиев, Т.А.
Алибеков, К.Б.

604.

Подробнее
71
С 30
Семиотикалық редукционизм: философиялық аспект [Текст] / Г. Б. Мулдашева, А. Б. Абдешев, М. Т. Отаров, А. М. Муратова // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №2. - Б. 222-231
ББК 71
Рубрики: Мəдениет
Кл.слова (ненормированные):
мəдениет -- семиосфера -- семиотика -- таңба -- символ -- мəн -- редукционизм -- жүйе -- адам -- киіз үй
Аннотация: Мақалада семиосфера (таңбалық құралдар жүйесі) ұғымы мəдениеттің феномені əрі атрибуты ретінде қарастырылады. Мəдениет көптеген гуманитарлық ғылымдардың зерттеу нысаны екені, алайда əрқайсысы оны өзіндік ерекшелігі мен əдіснамасы тұрғысынан зерделейтіні атап өтіледі. Бұл тұрғыда мəдениет философиясы, мəдениеттану жəне семиотика өзара барынша жақын ғылым салалары ретінде айқындалады. Автор таңбалық жүйелердің əлеуметтік-онтологиялық мəртебесін айқындауға талпыныс жасайды. Семиотиканы жүйелі зерттеудің іргелі еңбегі Тарту–Мəскеу семиотикалық мектебі өкілдеріне, əсіресе оның жетекшісі Юрий Михайлович Лотман есімімен байланысты екені көрсетіледі. Ол мəдениеттің семиотикалық қырын бөліп көрсете отырып, тұтас мəдени мазмұнды таңбалық жүйе ретінде редукциялады. Бұл ұстаным мəні жағынан семиотикалық редукционизм болып табылады. Сонымен қатар, Ю.М. Лотман мəдениетті ақпарат теориясы мен жасанды интеллект тұжырымдамалары негізінде түсіндірген ақпараттық-кибернетикалық семиотика моделін ұсынғаны талданады. Автор мəдени немесе табиғи феномендерге мағына, мəнділік немесе мазмұн беру арқылы олардың семиотикалық мəртебеге ие болуын талдайды. Аталған феноменнің семиотикалылығы, яғни таңбалық сипаты айқындалады. Нақты жəне идеал ұғымдарына талдау жасалып, нақты объектінің шынайы болмыста болмағанымен, идеалдық түрде өмір сүре алатыны көрсетіледі. Мақалада мəн, мəнділік жəне мазмұн ұғымдарын таңбаның немесе символдың эмпирикалық-заттық сипаттарынан шығарып алу мүмкін еместігі дəлелденеді. Қазақтың дəстүрлі тұрғын үйі – киіз үйдің таңбалық жүйесіне талдау жасалып, оның құрылымдық элементтерінің əрқайсысы семиотикалық мəнге ие екені көрсетіледі. Автор семиосфера құбылысын мəдениеттің негізгі өлшемдерінің бірі ретінде қарастыру қажет деген қорытындыға келеді, өйткені ол адамның əлемдегі таңбалық болмысының ерекшелігін бейнелейді.
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Мулдашева, Г. Б.
Абдешев, А.Б.
Отаров, М.Т.
Муратова, А.М.

605.

Подробнее
63.3(5Қаз)
П 20
Патша үкіметінің саясаты жəне бөкей ордасындағы молдалар мен қожалар [Текст] / Ж. Ахан, К. Ускембаев, С. Ескалиев, А. Туякова // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №2. - Б. 232-246
ББК 63.3(5Қаз)
Рубрики: Қазақстан тарихы
Кл.слова (ненормированные):
Бөкей Ордасы -- Жəңгір хан -- Патшалық Ресей -- қожалар -- молдалар -- ислам -- діни саясат
Аннотация: Бұл мақалада Патшалық Ресейдің діни саясаты жəне Бөкей Ордасындағы молдалар мен қожалардың қоғамдағы орны мен атқарған қызметтері қарастырылады. Автор ислам дінінің бұл өңірде дамуының өзіндік ерекшеліктерін, Жəңгір ханның дінді мемлекеттік саясат құралы ретінде пайдалануын жəне діни элитаның қалыптасу үдерісін сипаттайды. Сонымен қатар, қожалардың əлеуметтік мəртебесі мен сұлтандармен қарым-қатынасы, молдалардың діни-ағартушылық жəне құқықтық функциялары талданады. Зерттеу барысында архивтік жəне тарихи деректерге сүйене отырып, Бөкей Ордасында ислам институттарының қалыптасуы мен қоғамдағы ықпалы анықталған. Исламның əлеуметтік құрылымға енуі Бөкей Ордасының саяси жəне рухани өмірінде маңызды рөл атқарғаны көрсетіледі
Держатели документа:
ЗКУ
Доп.точки доступа:
Ахан, Ж.
Ускембаев, К.
Ескалиев, С.
Туякова, А.

606.

Подробнее
85.313(2Тат)
М 92
Мухамбетжанова, А. А.
Татар халықтарының музыкалық фольклоры мен ғұрыптарын зерттеу мəселелері [Текст] / А. А. Мухамбетжанова // БҚУ хабаршысы. - 2026. - №2. - Б. 622-640
ББК 85.313(2Тат)
Рубрики: Татар халқының музыкалық мәдениеті
Кл.слова (ненормированные):
татар музыкалық фольклоры -- татар халқы -- этномузыкатану -- этнография -- дәстүрлі музыка -- музыкалық мәдениет -- түркі халықтары -- қазақ музыкалық мұрасы -- ноғай музыкалық мұрасы -- тұрмыс-салт жырлары -- бесік жыры -- балалар әндері -- ғұрыптық музыка -- Астрахань татарлары -- ноғай-қыпшақ мәдениеті -- музыкалық дәстүр -- импровизация
Аннотация: Бұл мақалада татар халқының музыкалық фольклоры мен салт-дəстүрлері этномузыкалық жəне этнографиялық тұрғыдан қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – татар музыкалық мəдениетінің жанрлық ерекшеліктерін анықтап, оның түркі халықтарының, əсіресе қазақ жəне ноғай халықтарының дəстүрлі музыкалық мұрасымен байланысын салыстырмалы əдіс арқылы талдау. Зерттеу барысында тарихи-этнографиялық деректер, музыкалық-фольклорлық материалдар жəне экспедициялық жазбалар пайдаланылды. Мақалада татарлардың тұрмыс-салт жырлары, жоқтау дəстүрлері, бесік жырлары, балалар əндері, тақмақтар, сондай-ақ үйлену жəне жерлеу рəсімдеріндегі музыкалық үлгілер талданады. Сонымен қатар Астрахань татарларының музыкалық фольклоры, олардың диалектілік ерекшеліктері мен ноғай-қыпшақ мəдени кеңістігімен байланысы қарастырылады. Зерттеу барысында татар əуендерінің поэтикалық-музыкалық құрылымы, ладтық жəне ырғақтық ерекшеліктері, орындаушылық дəстүрлері мен импровизациялық сипаты сипатталады. Еңбекте татар хореографиялық фольклоры да қарастырылып, «Кияусы», «Акчатыр» сияқты ғұрыптық билердің мазмұны, құрылымы жəне əлеуметтік-мəдени қызметі талданады. Сонымен қатар мерекелік дəстүрлер, ұлттық тағамдар, шай ішу мəдениеті, үйлену рəсімдері жəне диаспора жағдайында сақталған этномəдени тəжірибелер сипатталады. Зерттеу нəтижесінде татар музыкалық фольклорының көне қабаттары салт-дəстүрлік рəсімдерде сақталғаны жəне оның түркі халықтарының ортақ мəдени негізімен тығыз байланыста дамығаны анықталды. Сондай-ақ қазіргі жаһандану жағдайында татар музыкалық жəне хореографиялық мұрасын сақтау, жүйелеу жəне ғылыми тұрғыдан зерттеу этномузыкатану ғылымының маңызды бағыттарының бірі екендігі көрсетілді. Сонымен, татар этностарының музыкалық фольклоры халықтың тарихи жолын, дəстүрін, дүниетанымын көрсететін маңызды мəдени мұра болып табылады. Оны зерттеу ұлттық бірегейлік пен мəдениетаралық байланыстардың қалыптасу ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бұл дəстүрлерді сақтау жүйелі зерттеуді, мəдени бастамаларды қолдауды, білімді жаңа ұрпаққа жеткізуді қажет етеді.

607.

Подробнее
81 (5Қаз)
У 14
Уәлиұлы, Н.
Ұлттық жазудың атасы [Текст] / Н. Уәлиұлы // EGEMEEN QAZAQSTAN. - 2026. - №168. - 5 қыркүйек. - Б. . 1-5
ББК 81
(5Қаз)
Рубрики: Лингвистика
Языкознание
Кл.слова (ненормированные):
ахмет байтұрсынұлы -- әліпби -- жазба тілі -- халықтық тіл -- графикалық жүйе -- мақал-мәтелдер -- тұрмыс-салт жырлары -- тұңғыш фонолог
Аннотация: ХХ ғасыр басында қазақ жазуына реформа жасаушылардың алдында негізінен мынадай басты міндеттерді шешу күн тәртібінде тұрды: қазақ жазу-сызуы қай әліпбиді қолдану керек? Графикалық жүйенің мазмұн межесі түркі жазба тіліне тән архаикалық элементтерді, қарлұқ, оғыз-қыпшақ (қыпшақ-оғыз), таза қыпшақтық, қазақтық белгілерден тұратын құрылымдық жүйені белгілеуі керек пе, әлде бірыңғай таза халықтық тілдің (сөйлеу тілін) жүйесін тірек етуге тиіс пе? Жазу жүйесі жалпы халықтық тілдің құрылымын арқау етсе, қай әліпбиге (араб әліппесі, әлде орыс әліпбиіне) негізделуге тиіс? Тілдегі фонемалардың құрамы дұрыс анықтала ма?
Держатели документа:
БҚУ